Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жас суретшілерге арналған жаңа арт-кеңіст...

Алматыда жас суретшілерге арналған жаңа арт-кеңістік ашылды

Әлеумет 05.07.2022, 11:15 1,682
Алматыда жас суретшілерге арналған жаңа арт-кеңістік ашылды
Сурет: Lp66213.lpg.tf

Жаңа арт-кеңістіктің ашылуында суретшілердің алғашқы тоғыз картинасы ұсынылды. 


Алматыда жас суретшілердің көрмелері мен тұсаукесерлері үшін жаңа арт-кеңістік ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz сілтеме жасап.  


Осылайша Efesartspace компаниясының Efes Kazakhstan кеңсе кеңістігі өнер саласындағы қызықты идеяларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын еске салып отырмақ.


Efes Kazakhstan көрмелерге жас қылқалам шеберлерін ғана емес, дарынды өнер қайраткерлерін шақыруды жоспарлап отыр.


Шабыт пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын осы бастамаға ұйытқы болып отырған Anadolu Efes Group әлеуметтік саланың тұрақты даму стратегиясын іске асыру аясында 30 жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемдегі мәдениет пен өнерге қолдау көрсетіп келе жатқаны айта кеткен жөн.


Efeskazakhstan компаниясы Art & creative Solutions қоғамдық қорымен бірлесе отырып, бұл бастаманы жалғастырып, кескіндеме мәдениетін қолдайтын және мүлдем жаңа арт-экспириенс ұсынатын жобаны ұйымдастырды.



«Көрмеден алғашқылар қатарында орын алған заманауи суретшілер арасында Арыстан Шалбаев, Алена Welar, Аружан Жұмабек және Жанель Шахан бар. Бұл жоба компанияның кеңсе кеңістігінің бірегейлігін қалыптастыруға және жайлы жұмыс атмосферасын құруға бағытталған», - дейді Art&creative Solutions қоғамдық қордың кураторы Ольга Веселова.



Жаңа алаң ашылған сәттен бастап компания көрмелер өткізу мақсатында суретшілерден өтінімдер қабылдай бастаған. Оған қоса Efes Kazakhstan компаниясының өнер және шығармашылықпен байланысының айғағы ретінде Efes ArtSpace Award сыйлығы тағайындалмақ. Компания суретшілерді көрмелерге қатысуға шақыруа отырып, бір жыл ішінде туындыларды көрсету үшін кеңсе кеңістігін пайдалануды жоспарлап отыр, содан кейін кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі негізінде ең жақсы көрмеге  арнаулы сыйлық беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сурет #Қазақстан #кеңістік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі