Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда «Жас қыран» Мемлекеттік қызмет мектебі»...

Алматыда «Жас қыран» Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы аясында оқыту басталды

Білім және ғылым 16.01.2024, 06:31 1,252
Алматыда «Жас қыран» Мемлекеттік қызмет мектебі»  жобасы аясында оқыту басталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалы базасында Мемлекеттік қызметке жас таланттарды тартуға бағытталған «Жас қыран» Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы аясында 5 күндік оқыту басталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Іс-шараның ресми ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сейдалиев Нұрсұлтан, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айгерім Абилова, «Тұран» университеті Экономика факультетінің деканы Тамара Мухамедьярова, Алматы технологиялық университеті «Экономика және Бизнес» факультетінің деканы Диана Абдраимова, Нархоз Университеті «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының жетекшісі Ардақтыгүл Жанбырбаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.


2023 жылғы «Жас қыран» Мемлекеттік қызмет мектебінің түлегі, Мемлекеттік кызмет істер агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Төреқан Гүлім өзінің мемлекеттік қызметке кірудегі тәжірбиесімен бөлісіп, жас буын өкілдерін мемлекеттік қызметке шақырды.


Оқыту аясында жас таланттар жобалық басқарудың негіздері және жобаны әзірлеу, оны қорғау, тиімді коммуникациялар, практикалық аналитика, стратегиялық менеджмент және көшбасшылық және т.б. дағдыларын меңгеріп, мемлекеттік басқару жүйесі, әдеп кодексі бойынша  практикалық сабақтар өтіп, мемлекеттік қызмет саласындағы кейстерді талдайды деп жоспарлануда.



«Алматы қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен «Жас қыран» Мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлегімін. Жоба аясында арнайы оқытудан өтіп, мемлекеттік қызмет туралы мол ақпарат жинап, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығым арта түсті. Тәжірбиелік тағылымдамамды Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде өттім. Мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымына тест тапсырдым, қолыма тест нәтижесін алған соң, Департаментте бос мемлекеттік лауазымға жарияланған конкурсқа қатысып, қорытындысында мемлекеттік қызметке келдім. Қазіргі таңда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы болып қызмет атқарамын. Болашақ мемлекеттік қызметкерлерге айтарым: берілген мүмкіндікті пайдаланып, қажетті білім мен дағдыны меңгеріп, еліміздің дамуы жолында бірлесе қызмет етуге шақырамын», – дейді мектептің 2023 жылғы түлегі Гүлім Төрехан.



Жоба келешегі зор әрі талантты жастар арасынан болашақ кандидаттарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында қолға алынды. Мектептің негізгі қызметі мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру үшін қажетті білім мен жеке қасиеттерді кеңейтуге бағытталған.


Сондай-ақ білім беру бағыттары бойынша тәжірибелік дағдылар мен қабілеттерге ие болу мақсатында мектеп түлектерінің мемлекеттік мекемелерде және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінде тәжірибеден өтуі қарастырылған.


Осы жылы мектепке «Нархоз», «Тұран», Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы технологиялық университеттерінің «Мемлекеттік басқару» және «Құқықтану» мамандықтарында оқитын соңғы курстың 28 студенті қабылданды.


Оқыту курстары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының профессор-оқытушылар құрамын, практик мамандар – мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы жүргізіледі.


 Оқыту 2024 жылдың 15-19 қаңтары аралығында өтеді. Сондай ақ «Тұран» университетінің базасында 1 күндік көшпелі сабақ өткізілмек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқу #білім #Жас Қыран #тәжірибие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Кеше 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Кеше 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Кеше 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Кеше 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Кеше 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика