Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Jas Gala жастар шығармашылық фестивалі өт...

Алматыда Jas Gala жастар шығармашылық фестивалі өтеді

Барлығы 27.02.2025, 14:40 1,003
Алматыда Jas Gala жастар шығармашылық фестивалі өтеді
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

5 наурыз күні Алматыда дәстүрлі қалалық студенттік «Jas Gala-2025» фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жастар саясаты басқармасының өкілдері мен ұйымдастырушылар хабарлады.

«Jas Gala» фестивалі биыл төртінші рет өтпек. Шараның басты мақсаты – талантты және креативті жастарды қолдау, студенттік шығармашылықты дамыту.

«Алматы – жастардың, соның ішінде студенттердің қаласы. Қаланың 35 жоғары оқу орны мен 88 колледжінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 286 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың шығармашылық белсенділігін арттырып, кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында қалалық әкімдік жыл сайын түрлі іс-шараларды жүзеге асырады. Соның ішінде ең жарқын жобалардың бірі – көктемгі студенттік фестиваль «Jas Gala», – деді Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Нұрсұлтан Бекқайыров.

Фестиваль вокал, хореография, мобилография, театр, аспапта орындау бағыттары бойынша өткізіледі. Фестиваль университеттік, және қалалық кезеңдерден тұрады. Университеттік іріктеуден өткен талантты жастар өз оқу орнының намысын қалалық деңгейде қорғайды.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры 8 500 000 теңгені құрайды. Оның ішінде әр номинацияға 1 500 000 теңгеден, «Ең үздік студенттік топ» сайысына 1 000 000 теңге жүлде қоры қарастырылған. 

Байқауда мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары, өнер жүлдыздары қазылық етеді.

Жоба жетекшісі Жұлдыз Жақсыбайдың айтуынша, «Jas Gala-2025» фестивалінің басты ерекшелігі – оның тақырыптық бағыттылығы. Биылғы фестиваль Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Жұмысшы жастар жылына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына, Н.Тлендиевтің 100 жылдығына, Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жастардың патриоттық рухын нығайтып, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

«Фестиваль аясында қатысушылар тек жарысып қана қоймай, арнайы семинарларға, шеберлік сабақтарына қатысып, мәдениет және өнер саласының танымал тұлғаларымен кездеседі», – деді Ж. Жақсыбай.

Сонымен қатар жоба барысында қыркүйек айынан бастап Халықаралық студенттер күніне орай ЖОО студенттеріне арналған «Ең үздік студенттік топ» байқауы ұйымдастырылады. Байқау қаладағы барлық жоғары оқу орындарын қамтып, ең белсенді және ұйымшыл студенттік қауымдастықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

«Бұл – өзіңді көрсетуге, танылуға және өнер саласында кәсіби дамуға жасалған бірегей мүмкіндік. Жеңімпаздар құнды сыйлықтарға ие болып қана қоймай, Алматының мәдени өміріне өз үлесін қоса алады», – деп атап өтті Н. Бекқайыров.

Фестивальдің финалы мен марапаттау рәсімі 25 сәуірде өтеді. Ұйымдастырушылар бұл байқауға жүздеген жас қатысып, оны жылдың басты жастар оқиғаларының біріне айналады деп күтуде. Сондай-ақ, барша талантты жастарды «Jas Gala-2025» фестиваліне қатысуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #«Jas Gala» фестивалі #шығармашылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика