Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» ат...

Алматыда «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» атты фотокөрме өтуде

Мәдени Алматы 07.10.2024, 18:23 836
Алматыда «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» атты фотокөрме өтуде
Cурет: Almaty Gallery

Almaty Gallery келушілері National Geographic-тің жаңа фотокөрмесінде жан-жануарлардың ерекше қызықты сәттеріне куә бола алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көрмеде National Geographic журналының беттерінен таңдап алынған хайуанаттар әлемінің ең үздік суреттері ұсынылған. Табиғат суреттерінің майталман редакторы Кэти Моранның жетекшілігімен әзірленген бұл көрме National Geographic-тің Майкл «Ник» Николс, Стив Уинтер, Пол Никлен, Беверли Жубер, Дэвид Дубиле және басқа да ең танымал фотографтардың түсірген суреттерінен құралған тұмса табиғатқа деген айрықша көзқарас іспетті.  

Бұл суреттер фотографияның даму эволюциясын көрсете отырып, фототұзақ, қашықтан түсіру және суасты технологиясы сынды инновациялар қалай фотографтарға тұмса табиғаттағы тіршілік ортасына жол ашқанын көрсетеді. «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» фотокөрмесі Almaty Gallery-де қазанның  13-іне дейін ашық болады.

National Geographic 115 жыл бойында тұмса табиғатты фототаспалау өнерінің ізашары һәм насихатшысы бола отырып, жануарлардың табиғатта түсірілген ерекше суреттері арқылы аудиторияның талай буынын баурады. Солтүстік бұғысының мынадай бейнесі алғаш рет жарық көрген 1903 жылдан бері жаңа көкжиектерді ашқан National Geographic Society жарияланымдары көркемөнердің, ғылыми және техникалық жетістіктердің теңдессіз туындыларын жасай отырып, мақсат межесін ұдайы биіктетіп келеді.  Бұлар – тұмса табиғатта түсірілген ғажайып суреттер.

Фотокөрмені тамашалағысы келгендер Алматы қаласындағы Almaty Gallery-ге барып көре алады. 

National Geographic Society туралы

National Geographic қоғамы – ғылымның, зерттеулердің, білім мен оқиғаларды баяндау күшін біздің әлемнің ғажайыптарын жазып көрсету және қорғау үшін қолданатын жаһандық коммерциялық емес ұйым. National Geographic 1888 жылдан бастап батыл адамдар мен жасампаз идеяларға инвестициялап, барлық жеті құрлықта жұмыс істеу үшін 15 000-нан астам грант беру арқылы зерттеулер шекарасын кеңейтіп келеді. Білім беру бастамалары арқылы жыл сайын 3 миллион студентті қамтып, өзіндік тәжрибе, әңгіме және мазмұн арқылы дүниежүзілік аудиорияның назарын аударады. Қосымша ақпарат алу үшін www.nationalgeographic.org сайтына кіріңіз немесе Instagram, Twitter және Facebook желілерінде бізге жазылыңыз.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жануарлар әлемі #фотокөрме #Almaty Gallery- #National Geographic
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Бүгін 14:27

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Бүгін 14:16

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика