Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа қала маңы бағыттары ашылды

Алматыда жаңа қала маңы бағыттары ашылды

Әлеумет 28.10.2024, 10:35 1,469
Алматыда жаңа қала маңы бағыттары ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда мегаполистің агломерациямен көлік байланысын арттыру аясында қала маңындағы қоғамдық көлік маршруттары ашылып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Осылайша, 28 қазаннан бастап №237, №257 және №258 маршруты іске қосылды, ал 1 қарашадан бастап №239 маршруты іске қосылады деп жоспарланып отыр.

  • №237 «Барлық базары – Қаратөбе ауылы» бағытындағы маршрутта үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:05. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС.
  • №257 «№7 қалалық аурухана – Еңбекші ауылы» бағытындағы маршрутта да үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС.
  • №258 «Жетісу базары – Өстемір ауылы» бағытындағы маршрутта 2 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:40, аяқталу уақыты – 22:01. Тасымалдаушы – «Самат-Транс» ЖШС.
  • №239 «Б. Момышұлы метро бекеті – Долан ауылы» бағытындағы маршрутта 18 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар конкурстар өткізілгенге дейін тасымалдаушыларға берілді және тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Соның нәтижесінде жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігі ескеріліп, қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа маршрут, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #қоғамдық көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика