AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы мерзімінен бұрын...

Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы мерзімінен бұрын ашылады

Әлеумет 26.10.2023, 03:03 1,009
Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы мерзімінен бұрын ашылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бостандық ауданындағы өрт сөндіру депосы «Қазақфильм», «Көкшоқы», «Алатау», «Нұр-Алатау» «Ерменсай» сынды бес шағын ауданға есептелген. Алматы қаласы әкімдігінің бақылауымен жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары биыл қараша айында аяқталады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Депо тәулік бойы 4 ауысымда жұмыс істейді, әр ауысымда 23 адам. Іске қосылғаннан кейін құтқарушылардың өрт орнына келу уақыты қысқарады. Жобаға сәйкес, үш қабатты ғимараттың ауданы 3,7 шаршы метрден асты.



Депоның бірінші қабатында ауысым басшысының кабинеті, кезекші ауысымның екі демалыс бөлмесі (әрқайсысы 14 адам), аппараттық, диспетчерлік бөлме, газтұтқыштарды, жеңдерді сақтауға және тексеруге, арнайы киімді жууға және кептіруге арналған техникалық бөлмелер, шеберхана, құралдар мен қосалқы бөлшектер қоймасы, резервтік автомобильдердің гараж-тұрағы, автокөлік жуу және т.б. орналасады. 


Екінші қабатта спорт залы, душ және жуынатын бөлме, киім-кешек бөлмесі, қойма, комендант бөлмесі, тамақтану бөлмесі, жуынатын және жинауға арналған жабдықтар қоятын бөлме бар. 


Үшінші қабатта нұсқаушыларға арналған кабинеттер, холл, 56 адамға арналған зал, 28 адамға арналған жедел-тактикалық шеберлік сыныбы, психологиялық кеңес беру бөлмесі, қабылдау бөлмесі, халыққа нұсқау беру бөлмесі, қызметтік кабинеттер және т.б. орналасқан.




Депода 4 автомобильге арналған тұрақ, сонымен қатар, 2 көлік құралына арналған резервтік тұрақ ұйымдастырылған. Автокөлікке техникалық қызмет көрсетудің арнайы бекет бар. 


Бұған дейін 2023 жылдың мамыр айында жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаев аталған нысанды аралап, осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді тапсырған болатын.
Қазіргі уақытта «BI Group» ЖШС мердігері ішкі әрлеу, сонымен бірге іргелес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды қолға алған.


Алматыда барлығы 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар, қазір тағы 3 жаңа депоны жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #депо #өртсөндіругі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);