AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жаңа Достық үйі салынады

Алматыда жаңа Достық үйі салынады

Барлығы 16.04.2025, 11:17 694 dulatbekova
Алматыда жаңа Достық үйі салынады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр — бұл қоғамдық институт Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған. Дәл осы Алматыда Ассамблеяны құру туралы шешім қабылданып, қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісінің негізгі қағидаттары қалыптастырылды.

Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырыс өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальды этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, мәслихат депутаттарына және Ассамблея ардагерлеріне табыс етті. Олар еліміздегі этносаралық келісімді дамытуға айтарлықтай үлес қосқан.

«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ассамблеяның халықтық дипломатияның бірегей институты ретінде маңыздылығын әрдайым атап өтеді. 1995 жылғы 1 наурызда Алматыда – Қазақстан тәуелсіздігінің бесігі саналған қалада – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Президентінің Жарлығына қол қойылды. Дәл осы қаламызда кейіннен мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналған және елдің тұрақтылығы мен дамуының басты факторына айналған ұлтаралық келісім мен бірліктің бірегей қазақстандық үлгісінің іргетасы қаланды», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Отырыста сөз сөйлеген қала әкімі Ерболат Досаев Ассамблеяның соңғы отыз жылда халық дипломатиясы мен диалогтың пәрменді институтына айналғанын, «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын нығайтып, жаһандық сын-қатер жағдайында тұрақтылықтың негізі болып отырғанын атап өтті.

Марапатталғандардың атынан қатысушылар жоғары мемлекеттік баға үшін алғыс айтып, бейбітшілік, бірлік және азаматтық бірегейлікті нығайту жолында жұмысын жалғастыра беретінін жеткізді. Баяндамашылар сөзінде ұлтаралық сенім, тарихи ризашылық пен рухани бірлік құндылықтарына ерекше назар аударды.

«Қазақ халқының қонақжайлығы мен мейірімділігі, сондай-ақ, өзге этностардың алғысы мен ризашылығы – Ассамблеяның тірегі болып табылатын достық, өзара түсіністік пен ашықтықтың негізі», – деді «Алматы корей ұлттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Георгий Кан.

Бұдан кейінгі дамудың маңызды бағыты – этномәдени бірлестіктерге арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру болмақ. Осы ретте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаһарда жаңа Достық үйін салу жоспары бар екенін мәлімдеді.

«Бүгінде 30-дан астам этномәдени бірлестік Достық үйінде белсенді жұмыс жүргізуде. Біз оларды заманауи, мәдени алмасу орталығы болатын, ашықтық пен әралуандыққа құрметтің символына айналатын алаңмен қамтамасыз етуді маңызды деп санаймыз», - деді ол.

 Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, Алматыда қалалық ҚХА қолдауымен төрт ұлттық театр мен жеті этностық БАҚ редакциясы табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл тілдер мен мәдениетті сақтап, ұлтаралық диалогты нығайтуға ықпал етеді.

Ерболат Досаев азаматтық бастамалар мен қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жобаларға ерекше тоқталды. Алматыда Ассамблеяның қолдауымен білім беру, патриоттық және экологиялық бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Аксақалдар мен Аналар кеңесі де белсенді жұмыс атқарып отыр. Биыл қалада Республикалық ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің форумы өтеді.

«Ынтымақ» депутаттық тобымен бірлесіп, жастарды қолдау бойынша бірқатар бастама іске қосылды. Атап айтқанда, «Қайраткер» жас саясаткер мектебі, «Мәслихат LUB» білім беру жобасы және «Рақмет, Жер-Ана!» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Отырыс барысында этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Алматының қоғамдық және мәдени бастамалардың флагманы ретіндегі рөлін атап өтті.

«Жастардың ең мықты бастамалары дәл осы Алматыда басталады. Біздің мегаполис басқа өңірлерге үлгі болып отыр», - деді Алматыдағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілі Рустам Қайрыев.

Сөз соңында Ерболат Досаев Қазақстан Президентінің атынан Ассамблея өкілдеріне еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Оның айтуынша, мерейтойлық марапаттар – бейбітшілік, бірлік пен ұлтаралық үйлесім жолында адал қызметі үшін берілген жоғары мемлекеттік бағаның көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #достық үйі #салу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);