ffin.kz

Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді inform.kz

Жалпықалалық сейсможаттығу 2 желтоқсанға жоспарланып отыр


Алдағы іс-шара туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысының м.а. Ерлан Әлібеков айтты. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Ерлан Әлібеков осы жұмада сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетінін айтты. Ол жылына бір рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, биылдың өзінде 3,5 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.


Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындала бастағанын айтты. Мәселен, бүгіннен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталады, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылады, ұсыныстар берілді.



«Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі», - деді Е.Әлібеков. 



Сейсмикалық оқу-жаттығу бойынша негізгі оқу орны АДК сауда ойын-сауық кешені болып белгіленді, онда шатырлы лагерь, дала асханасы, тамақтану және  азық-түлікпен қамтамасыз ететін пункттер,  халықты уақытша орнластыру және тіркеу орындары жайылады.
 
Төтенше жағдайлар департаментінің спикері азаматтық қорғау қызметінің барлық жеке құрамы адамдарды құтқару және эвакуациялау, қирандылардан зардап шеккендерді шығару, өртті сөндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс-шараларды іс жүзінде пысықтайтынын хабарлады.



Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ ТЖ жағдайына дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады.  Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылады.



Барлық білім беру, денсаулық сақтау нысандары және қалада адамдар жаппай болатын (ОСС, сауда орталығы, СҮ) эвакуациялау үшін оқу элементтері әзірленеді, онда ТЖД қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді және жадынамалар таратуды ұйымдастырады және жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» жадынама ұйымдастырады».



«Сейсмикалық жаттығу суық мезгілде жүргізіліп жатқандықтан, тұрғындарды жылы киініп эвакуациялауды сұраймыз. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау», – дейді Е.Әлібеков. 



Сондай-ақ ол қауіпсіз орындар электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық жерлер екенін түсіндірді. 
Еске салайық, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады. Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп баллдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісін күтумен байланысты емес

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04