AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жалған құжатпен тендер ұтып, 70 миллиард...

Алматыда жалған құжатпен тендер ұтып, 70 миллиард теңге тапқан топ әшкереленді

Заң мен тəртіп 04.08.2025, 12:10 732 Сұлу
Алматыда жалған құжатпен тендер ұтып, 70 миллиард теңге тапқан топ әшкереленді
Сурет: Astanatv.kz

Мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін жалған құжаттар жасап, 70 миллиард теңгеге жуық келісімшарт жеңіп алған қылмыстық топ анықталды, – деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар кезінде жалған мәліметтерді қолданған адамдар тобына қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін күдіктілер жалған компаниялар арқылы тендерлерге қатысып, жалған құжаттар мен мәліметтерді пайдалану арқылы рейтингтерін қолдан көтерген.

Бұл "қызмет" үшін ұйымдастырушылар клиенттерден 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған жалпы табыс 664 миллион теңгеден асқан. Бұл қаражатқа 11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік (оның ішінде 5 пәтер мен 7 жер учаскесі) сатып алынған.

Тергеу болжамы бойынша, дәл осы заңсыз тәсілдер арқылы жалпы сомасы 70 миллиард теңгеге жуық келісімшарттар жасалған.

Қазір төрт күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қма #Мемлекеттік сатып алу #заңсыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);