AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жабылып қалған мейрамханалар қайта жұмысы...

Алматыда жабылып қалған мейрамханалар қайта жұмысын бастады

Әлеумет 23.01.2023, 05:24 1,439
Алматыда жабылып қалған мейрамханалар қайта жұмысын  бастады

Бұрынғы McDonald's мейрамханалар желісі қайта ашылды


23 қаңтардан бастап Алматыда бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген «Food Solutions KZ» ЖШС-не тиесілі бірқатар мейрамханалар жұмысын қайта бастайды. Мейрамхана жабылғанға дейінгі барлық қызметкерлердің жұмыс орындары, жалақылары және басқа да еңбек шарттары толық сақталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың ашылуы біртіндеп жүргізіледі, бастапқы кезең ішінде Алматыда 5 мейрамхана ашылады.


Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аяқталды, мейрамханалар барлық қажетті өнім көлемін алды және ресми ашылуға дайын.


Жабылу уақытына дейін жұмыс істеген мейрамханалардағы барлық қызметкерлердің жұмыс орындары, жалақылары және басқа да еңбек шарттары толық сақталады. Мейрамханалардың жұмысы осыған дейін қабылданған сапа мен қызмет көрсетудің барлық жоғары стандарттарын, сондай-ақ бизнесті жүргізудің құндылықтары мен принциптерін ескере отырып жалғасады.



«Бұл — біздің компания өміріндегі жаңа кезең. Біз қонақтар үшін әр қалада орналасқан мейрамханалардың есігін біртіндеп ашпақпыз. Біз қоғамдық тамақтану индустриясындағы көшбасшылық позициямызды сақтап қалуды көздейміз. Бізге қолдау көрсеткен қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және мемлекеттік органдарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, жақын арада біз жаңа атымызды жұртшылыққа таныстырамыз», - деді «Food Solutions KZ» ЖШС Бас директоры Әсет Машанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мейрамхана #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің барлық өңірінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде

Бүгін 10:21

"Яндекстегі" ақаудан кейін такси бағасы қымбаттап кеткен

Бүгін 10:08

Қазақстанның жаңа конституциясы азаматтардың құқығын сот арқылы қорғауды күшейтті

Бүгін 09:49

Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді

Бүгін 09:30

Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);