AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ішкі саясаттың өзекті мәселелері бойынша...

Алматыда ішкі саясаттың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық кездесу өтті

Барлығы 03.02.2026, 23:50 232
Алматыда ішкі саясаттың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық кездесу өтті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Достық үйінде ішкі саясаттың өзекті мәселелері мен Алматы қаласының дамуын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жиынға әлеуметтану және саясаттану саласының мамандары, академиялық орта өкілдері, сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты.

Қатысушылар қаланың дамуының негізгі бағыттары, басқарушылық шешімдер қабылдауда ғылым мен талдаудың рөлі, сондай-ақ сараптамалық қауымдастық пен басқару органдарының өзара іс-қимыл мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

Негізгі назар білім беру мен ғылым мәселелеріне, жас зерттеушілерді қолдауға, қалалық инфрақұрылымды дамытуға және қала мүддесі үшін ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына аударылды.

Талқы барысында сарапшылар елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаны қолдайтындарын жеткізді.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының елдің одан әрі тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Жаңа Негізгі заңның басты бағдарлары ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар, сондай-ақ әділдік, заң мен тәртіп қағидаттары және табиғатқа ұқыпты қарау аталды.

Кездесу өзекті даму бағыттары бойынша одан әрі сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу және бірлескен жұмыс жүргізу туралы келісіммен қорытыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ішкі саясат #сараптамалық кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42

«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты

Бүгін 13:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика