AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ішек инфекциясын жұқтырғандар азайды

Алматыда ішек инфекциясын жұқтырғандар азайды

Медицина Бүгін 12:58 20 yakiya
Алматыда ішек инфекциясын жұқтырғандар азайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ауру жұқтырғандар Таиланд пен Вьетнамнан қайтып оралғандар болып шықты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова Өңірлік коммуникациялар қызметінде сапарда жүргенде ішек инфекциясы мен ротавирустық инфекцияның алдын алу жағы туралы айтты. Жыл басынан бері шетелге сапарға шығып келгеннен кейін Алматы тұрғындарының арасында ішек инфекциясын жұқтырған 4 адам мен іші өткен 1 науқас тіркеліпті. Ауру жұқтырғандар Таиланд пен Вьетнамнан қайтып оралғандар болып шықты.

Спикердің айтуынша, Алматыда осы ішек инфекциясына қатысты жағдай қалыпты болып қалып отыр. Биылғы бірінші тоқсанда қалада этиологиясы бар ішек инфекциясын жұқтырған 48 адам тіркелген. Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар, олардың үлесі 73%-ды құрап отыр. Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда сырқаттану 21,1%-ға төмендепті.

«Науқастардың негізгі бөлігі екі жасқа дейінгі кішкентай балалар. Ауруды көбіне тамақтан, азық-түлікті дұрыс сақтамағаннан, тазалыққа атүсті қарағаннан жұқтырып алып жатады. Сондай-ақ дұрыс жуылмаған көкөніс пен жеміс те ауруға себеп болып жатыр», — дейді Гаухар Қаткенова.

Спикердің сөзінше, жыл басынан бері Алматыда ротавирустық инфекция тіркелмеген. Соған қарамастан мамандар жағдайды бақылауды жалғастырып, инфекция ошақтарында профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Вьетнам мен Таиландта демалып қайтқан кейбір алматылықтардың ішек инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Кейбір науқастар жағдайының нашарлап кеткенін экзотикалық жемістерді жеп, суға түскенде байқамай су жұтып қойғанынан көрген. Тағы бірнеше адам ұшар алдында әуежайдан сатып алған тағамнан ұшынып қалыпты», — деп атап өтті Қаткенова.

Мамандар жаз мезгілінде күннің күрт ысуы бактерия мен вирустың көбеюіне әсер етіп, ішек инфекциясын жұқтыру қаупі артатынын айтып отыр. Инфекция көбіне лас су шіп, тағам мен қолды жумағаннан тарайды екен.

«Туристер шөлмектегі су мен қайнаған суды ішкені дұрыс. Мұзды пайдаланғанда да абай болған жөн. Экзотикалық тағамдарға сақтықпен қарап, күмәнді көше тағамдарын сатып алмау керек, сондай-ақ шикі балық, ет пен теңіз өнімдерін тұтынудан аулақ болған абзал. Қолды мұқият жуып, тазалық жағын қатты қадағалау керек», — деп толықтырды сөз сөзін спикер.

Дәрігерлер су жағасында демалғанда да ерекше сақтық қажет екенін айтады. Мамандардың сөзінше, ластанған және тұрып қалған су айдыны қауіпті болуы мүмкін, әсіресе шомылған кезде суды байқамай жұтып қойса.

«Ішек инфекциясы кезінде жүрек айнып, құсып, іш өтіп, іш ауырып, ыстығы көтерілуі мүмкін. Ең үлкен қауіп —әсіресе балалар мен қарт адамдардың қатты қаңсып, шөлдегені. Аурудың белгісі пайда болған жағдайда өз бетінше емделмей, дереу дәрігерге қаралуы қажет», — дейді Гаухар Қаткенова.

Департамент өкілдері тазалыққа барынша мұқият болу демалыс пен саяхат кезінде ауру жұқтыру қаупін едәуір төмендететінін айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының дәрігерлері туристерге шетелде демалудың шарты мен жазғы инфекциядан сақтанудың жолын түсіндірді

Бүгін 13:15

Алматыда медициналық көмектің сапасына қатысты шағым азайды

Бүгін 12:52

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:07

Инженер мен дәрігер маман жетіспей жатыр

Бүгін 11:24

Теңге ілуден Әлем Чемпионатына тұңғыш рет алматылық қыздар қатысады

Бүгін 10:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);