AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда IQ-ALA jastary зияткерлік ойындары бастал...

Алматыда IQ-ALA jastary зияткерлік ойындары басталады

Мәдениет 18.04.2024, 10:35 1,211
Алматыда IQ-ALA jastary зияткерлік ойындары басталады
Сурет: Өңірлік коммунакациялар орталығы

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жобаны ұйымдастырушылар хабарлады. 


Іс-шара жастардың зияткерлік дамуы мен әлеуметтік белсенділігіне ықпал етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«IQ Ala jastary» мақсаты жастар арасында ақыл-ой белсенділігін ынталандыру, оны біріктіруге жәрдемдесу және білім мен тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау болып табылады. 



«Бұл ойынды ұйымдастыру қатысушыларды тарту бойынша кең ақпараттық науқанды, зияткерлік ойындар мен тренингтерді әзірлеу мен өткізуді, сондай - ақ қорытынды талдамалық ақпарат пен ұсынымдар дайындауды қамтиды», - деді Алматы қаласы Жастар істері жөніндегі басқармасының жастарды әлеуметтендіру бөлімінің және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Беккайыров.



«IQ Ala jastary» ұйымдастыру процесінде әртүрлі тармақтарды ескеру қажет, мысалы:


- мақсатты аудиторияның мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ойын іс-шараларын әзірлеу және өткізу;


- ойындарды тиімді өткізуге және қатысушылардың қызығушылығын қамтамасыз етуге қабілетті білікті сарапшылар мен көшбасшыларды тарту;


- қатысушылардың барынша көп санын тарту және ойынның кең танымалдылығын қамтамасыз ету үшін әртүрлі байланыс арналары бойынша ақпараттық науқан өткізу;


- болашақта іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыру үшін нәтижелерді талдау және қатысушылармен кері байланыс.



«Біз «IQ Ala jastary» - бұл қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар қала жастарының зияткерлік дамуы мен әлеуметтік белсенділігіне ықпал ететін маңызды әлеуметтік - мәдени оқиға екеніне сенімдіміз», - деп атап өтті Нұрсұлтан Беккайыров.



Брифингке қатысушы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов «IQ Ala jastary» зияткерлік ойыны қаланың студенттері мен жастарын жақындастырудың зияткерлік дамуды, достық байланыстарды қалыптастыруды және қоғамдық өмірге белсенді қатысуды ынталандыратын маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.



«Осы жобаны ұйымдастыру барысында біз оның өзектілігі сыни ойлауды дамыту, білім алмасу және қоғамдық және мәдени оқиғаларға қатысу қажеттілігімен байланысты екенін ескердік. «IQ Ala jastary» сияқты зияткерлік ойындар қала студенттері мен жастарын жақындастырудың өзекті және тиімді құралы болып табылады. Ақпарат көпшілікке қол жетімді қазіргі әлемде бұл ақпаратты талдау, бағалау және пайдалану қабілетін дамыту маңызды. Зияткерлік ойындар сыни ойлауды қалыптастыруға және қатысушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал етеді», - деп бөлісті ол.



Әкежан Кеңесов сондай-ақ мұндай іс-шаралар жастарға зияткерлік конкурстарға қатысуға ғана емес, қарым-қатынас жасауға, тәжірибе және білім алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ұзақ мерзімді перспективада қоғамның дамуына оң әсер ететін достық және кәсіби байланыстарды қалыптастыруға ықпал етеді.


Зияткерлік ойынды өткізу форматы колледждер мен ЖОО студенттерінің зияткерлік қабілеттерін анықтау, NEET жастар санаты мен қаланың белсенді жастары арасында қалаішілік лигаларды өткізу арқылы жеңімпаздарды анықтау болып табылады. Осылайша, жастардың 4 санаты арасында жеңімпаздарды анықтай отырып, ауқымды арнайы жоба өткізу жоспарлануда.


Брифингке сондай-ақ «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының төрағасы Алмас Байзақов қатысып, зияткерлік ойындар қаланың барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың қатысуымен өтетінін атап өтті.



«Біз зияткерлік ойындардың әр турын қаламыздың көркем және әдемі жерлерінде әртүрлі форматта өткізетін боламыз. Жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды, және әр кезеңде бағалы сыйлықтар ойнатылады. Жеңімпаздарды таңдау критерийлері әр қатысушының әр бағыт бойынша жеке жауаптарына және әр топтың ойын барысында өзін көсетуіне байланысты болады», - деді ол.



Жалпы, бұл жоба қала жастарының белсенділігін оның барлық санаттарын қамти отырып анықтауға мүмкіндік береді.


Мегаполистің жастары мен студенттері «IQ Ala jastary»- ге белсенді қатысуға шақырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ойын #шара #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Бүгін 14:25

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика