AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда инвесторлардың халықаралық форумы өтті

Алматыда инвесторлардың халықаралық форумы өтті

Экономика 16.05.2023, 14:30 2,165 Almaty-akshamy
Алматыда инвесторлардың халықаралық форумы өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Бизнесті ашу және оны жүргізу рәсімдері жеңілдетілді  


Азия және Тынық мұхиты аймағын дамыту институттары қауымдастығының (ADFIAP) 46-шы жыл сайынғы жиналысы. 


- «Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығы» атты сессиясында ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры Әлия Есдәулетова Қазақстандағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру тетіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін не жасалды:   


– ҚР-да инфрақұрылымды және инвестициялық преференциялардың кең спектрін ұсынатын 14 арнайы экономикалық және 33 индустриялық аймақ жұмыс істейді


– Бизнесті ашу және оны жүргізу рәсімдері жеңілдетілді  


–  Басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждардан босатылып, заттай грант, инвестициялық несие, жұмысқа жеңілдетілген рұқсат алады


– Инвесторлар жобаларды іске асыру кезінде Үкіметпен инвестициялық келісімдерге қол қойып, қолданыстағы заңнамалық шарттардың өзгермейтіндігіне кепілдік алады. Бұл тетік ірі жобаларға жеке қаражат тартуға бағытталған  


Бүгінгі таңда тұрақты нормативтік құқықтық база және инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасалған. Бұл өткен жылы бұрын-соңды болмаған тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етті - $28 млрд. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.   



«Сондай-ақ заңнамада тауар өндіруші кәсіпорындарға салық заңнамасының 10 жылға тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі көзделген. Өз кезегінде, инвестор өндірісті іске қосуға немесе жаңғыртуға қаражат салуға (кемінде $500 млн), қазақстандық кадрларды оқытуға міндеттеледі», - деп нақтылады Ә.Есдәулетова.



МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) тетіктерін қайта жүктеу үшін тиісті Заңға түзетулер енгізілді. Енді барлық жобалар конкурстық рәсімдерден өтеді. Бұл олардың сапасын арттырады. 


Жалпы, инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ҚР инвестициялық саясатының жаңа Тұжырымдамасы бекітілді, 76 елмен визасыз режим орнатылған. Инвестициялық Омбудсмен институты жұмыс істейді. Бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын және ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) басшылық қағидаттарын ілгерілету үшін Қазақстанда ҚР ҰЭМ жанынан Ұлттық байланыс орталығы құрылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #инвестор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22

Лондонда Наполеонмен соғысқан қазақтар туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін 11:00

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);