Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібі бүгінде тек ұн мен макарон өнімдерімен шектелмейді. Қазір бұл – түйе сүтінен балмұздақ әзірленетін, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жолдары ізделетін және жаңа өнім түрлері жасалатын жоғары технологиялы сала. Осы инновациялардың артында кімдер тұр? Негізгі тұлға – тағам өндірісінің технологы. Алматыда мұндай мамандарды қалай даярлайтыны, олардың еңбек нарығындағы сұранысы мен кәсіби амбициялары туралы МИТУ колледжінің директоры Майра Шалабаевамен сұхбатта әңгімелейміз.
Майра Хусаиновна, әңгімені басты сұрақтан бастайық. Бүгінгі таңда Қазақстанда тағам өнімдері технологы мамандығы қаншалықты сұранысқа ие?
Ашығын айтсақ, бұл – ең «аш қалдырмайтын» әрі болашағы зор мамандықтардың бірі. Адамдар әрқашан тамақтануын тоқтатпайтындықтантехнологтарға деген қажеттілік арта береді. Бірақ қазіргі талап басқа: конвейерде тек бақылаушы емес, жаңашыл ойлайтын маман керек. Отандық нарық импортқа толы, ал жергілікті өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін сапалы, қауіпсіз әрі бірегей болуы шарт. Міне, осы тұста жаңа идеялар мен білім қажет. Рецептураны сақтап қана қоймай, оны жетілдіріп, жаңа өнімдер жасай алатын технологтар – кез келген заманауи кәсіпорынның алтын қоры. Оларға сұраныс өте жоғары: кондитер фабрикаларынан бастап, ірі сүт және ет өңдеу комбинаттарына дейін.
Яғни идея зертханадан нақты өндіріске дейінгі жолдан өтеді ғой. Студенттерді осыған қалай үйретесіздер?
Бұл – тұтас бір тізбек, біз студенттерді соған толықтай енгізуге тырысамыз. Алдымен теориялық негіздеме мен зертханалық тәжірибе: рецептура мен технологиялық режимдерді таңдау. Одан кейін колледждегі зертханада өндірістік жағдайға барынша жақын ортада сынамалық өнім шығарылады. Осы кезеңде өнімнің дәмі, түсі, құрылымы, сақтау мерзімі зерттеледі.
Келесі аса маңызды кезең ретінде өнімді немесе жобаны іске асыруға қажетті барлық техникалық құжаттаманы әзірлеу қарастырылады. Бұл құжаттамаларға технологиялық нұсқаулықтар, рецептуралар, өндірістік процестердің сипаттамасы, қауіпсіздік талаптары мен сапаны бақылау тетіктері кіреді. Аталған құжаттар жобаның жүйелі, тиімді және стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Себебі тиісті құжаттамасыз ең озық әрі инновациялық идеяның өзі тәжірибелік деңгейде қалып, өндірістік ортаға енгізілмей қалуы мүмкін.
Сонымен қатар жобаның экономикалық негіздемесін әзірлеу де маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Бұл бағытта өнімнің өзіндік құнын есептеу, өндірістік шығындарды талдау, баға саясатын қалыптастыру, рентабельділік деңгейін анықтау және жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау мәселелері қарастырылады. Экономикалық есептеулер жобаның тиімділігін дәлелдеуге және оның ұзақ мерзімді перспективада табысты болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған үдерістерге кәсіби даярлық барысында ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, «Азық-түлік өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығында технологиялық құжаттаманы дұрыс әзірлеу, өндіріс процесін жоспарлау және сапа көрсеткіштерін сақтау дағдылары қалыптастырылса, «Есеп және аудит» мамандығында экономикалық есептеулер жүргізу, қаржылық талдау жасау және жобаның тиімділігін бағалау мәселелері тереңдетіліп оқытылады. Бұл өз кезегінде білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, нақты өндірістік және кәсіпкерлік міндеттерді шешуге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
«Глютенсіз кекс өндіру тәсілі» пайдалы моделіне патент алудың өндіріс үшін маңызы қандай?
Глютенге төзімсіздігі бар адамдарға глютенсіз өнімдерді тұрақты түрде тұтыну ұсынылады. Алайда Қазақстан нарығында мұндай өнімдер өте сирек кездеседі және көбінесе шетелден импортталады. Бұл олардың жоғары бағасына, сақтау мерзімінің қысқаруына және ұзақ сақтау кезінде сапасының төмендеуіне әкеледі. «Глютенсіз кекс өндіру тәсілі» атты пайдалы модельге №9810 патент 08.11.2023 ж. арнайы пәндер оқытушылары иеленді.
Оқу орындарында шағын бизнес жобасын құрудың негізгі мақсаты қандай?
Қазіргі таңда Қазақстанда шағын және орта бизнес экономиканың тұрақты дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуы, жаңа технологиялардың енгізілуі мен халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің артуы – бизнес жүргізудің өзекті және тиімді бағыттарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Соныменқатар колледжде бастау алып отырған «Metu cakes» шағын кәсіптік бизнесі кондитерлік өнімдер, наубайхана және ұннан жасалған өнімдер өз бизнес жоспарларын іске асыруда және 2025 жылдың қазан айында оқытушылар мен «Туризм» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің бастамасымен «Step Up» жастар кәсіпкерлік орталығы ашылды. Аталған орталықтың құрылуы білім беру мен тәжірибені ұштастыру, студенттердің кәсіпкерлік құзыреттерін дамыту, сондай-ақ туризм саласында инновациялық идеяларды жүзеге асыру мақсатында қолға алынды.
«Step Up» туристік бірлестігі студенттердің кәсіби әлеуетін арттыруға, олардың бастамашылдығы мен шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Орталық аясында туризм индустриясына қатысты жобалар әзірленіп, стартап-идеяларды қолдау, тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыруға арналған іс-шаралар өткізілуде.
Орталықтың қызметі оқытушылардың әдістемелік қолдауымен және студенттердің белсенді қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. «Step Up» жастар кәсіпкерлік орталығы қазіргі заман талаптарына сай бәсекеге қабілетті, кәсіпкерлік ойлау қабілеті жоғары жас мамандарды даярлауға бағытталған маңызды алаң болып табылады.
Қазіргі таңда білім беру саласында жаңа технологиялардың рөлі қандай?
Қазіргі білім беру жүйесінде технологиялардың рөлі өте зор. Цифрлық құралдар, онлайн-платформалар және жасанды интеллект білім мазмұнын жаңартып, оқытудың жаңа форматтарын қалыптастырып жатыр. Бұрын теориялық материалдар басым болса, қазір практикалық дағдылар мен цифрлық құзыреттер алдыңғы орынға шықты.
Технологиялардың енгізілуі білім беру бағдарламасына қалай әсер етті?
Ең алдымен бағдарламаның мазмұны жаңарды. Жаңа цифрлық құзыреттер – медиасауаттылық, бағдарламалау, ақпараттық қауіпсіздік, деректерді талдау – оқу жоспарларына енгізілді. Екіншіден, сабақ беру форматы да өзгеріп, дәстүрлі әдістердің орнына интерактивті оқыту кеңінен қолданыла бастады. Бейнесабақтар, виртуалды зертханалар оқытудың дәстүрлі әдістерін толықтырып, студенттердің қызығушылығын арттырды. Бүгінгі таңда еңбек нарығы технологияларды игере алатын мамандарды талап етеді.
Талапкерлер мен ата-аналарды жиі мазалайтын сұрақ: колледж дипломы сұранысқа ие болу үшін жеткілікті ме, әлде міндетті түрде жоғары оқу орнын бітіру керек пе?
Біржақты жауап жоқ, бәрі мансаптық мақсатқа байланысты. Колледж дипломы – жұмысшы мамандығы мен орта буын маманы біліктілігін береді. Түлек бірден өндірісте жұмыс істеуге дайын: ауысым шебері, желі операторы, лаборант, цех технологы қызметтерінен бастауға болады. Бұл – тәжірибеге бағытталған білім, сондықтан біздің түлектерді жұмыс берушілер соңғы курстан-ақ алып кетеді.
Ал жоғары оқу орны терең теориялық және практикалық дайындық береді. Бұл – жоғары басқару деңгейіне, зерттеуші немесе ғалым болуға бастайтын жол. Көптеген түлектеріміз 2–3 жыл жұмыс істегеннен кейін өз бағытын анықтап, ЖОО-ға қысқартылған оқу түрімен түседі.
Оқыту әдістерінде қандай өзгерістер байқалады?
Оқыту әдістері бұрынғыдан да көптүрлі болды. Қазір оқытушылар жобалық оқыту, интерактивті, практикалық және топтық цифрлық жұмыстарды жиі қолданады.. Қазір оқытушыларвидеосабақтарды, анимацияларды, интерактивті тапсырмаларды, виртуалды зертханаларды жиі қолданады. Бұл әдістер оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, оқу материалынтереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл – технологиялардың ең үлкен артықшылықтарының бірі.
Алдағы уақытта білім беру бағдарламасы қалай өзгереді деп ойлайсыз?
Болашақта жасанды интеллектке негізделген адаптивті оқыту жүйелері кең таралады. Білім беру бағдарламасы одан әрі цифрландыруға, жасанды интеллектті қолдануға, виртуалды зертханаларды кеңейтуге, жеке оқу траекторияларын қалыптастыруға бағытталады. Бұл өзгерістер жаңа буын мамандарын тәрбиелеуге, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады. Оқулықтардың басым бөлігі цифрлық форматқа өтеді. Үй тапсырмаларын тексеру, оқу жоспарын кіріктіру, студенттің қабілетін болжау сияқты функциялар автоматтандырылуы мүмкін. Қысқаша айтқанда, болашақтағы білім беру бағдарламасы технологияға негізделген, икемді, жеке бағытталған және өмірмен тығыз байланысты болмақ. Бірақ технология қаншалықты дамыса да, оқытушыныңрөлі жойылмайды. Себебі білім – тек ақпарат беру емес, адамды тәрбиелеу, болашақ маманның бойына адамгершілік, рухани, патриоттық құндылықтар сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Айтпақшы, Алматы колледждері студенттерінің даярлық деңгейін дамыған елдердегі қатарластарымен салыстырсаңыз, қалай бағалар едіңіз?
Теориялық іргелі білім жағынан студенттер дайындықтар өтеді. Біз оларды өңірімізге тән әртүрлі шикізатпен жұмыс істеуге үйретеміз. Ол өте мықты практикалық тәжірибе. Колледждің әлеуметтік серіктес кәсіпорындарымен тығыз байланысының арқасында студенттер бірінші курстан бастап нақты өндірісті көреді, ұзақ мерзімді тәжірибеден өтеді. Олар тек есептеп қана қоймай, өндірістегі мәселені жедел шешуге қабілетті.
Біз заманауи технологияларды Қазақстанның бірегей шикізат әлеуетімен үйлестіре отырып, өз жолымызды қалыптастырып келеміз. Біздің түлектер үздік тәжірибе мен елімізде сұранысқа ие өз ісінің мықты мамандарын даярлап шығарамыз.
Жаңа технологияларды енгізудің негізгі мақсаты қандай?
Колледжінің бүгінгі басты стратегиялық мақсаты – еңбек нарығындағы өзгерістерге жылдам бейімделетін, цифрлық сауатты, жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыра алатын білікті маман даярлау. Бүгінгі күні телекоммуникация, IT, өндірістік технологиялар саласы өте қарқынмен дамып жатыр.
Сондықтан білім беру мазмұны тек теориялық емес, ең бастысы практикалық және инновациялық бағытта болуы қажет. Жаңа технологияларды енгізу арқылы біз:
студенттердің кәсіби құзыреттерін арттырамыз;
оқыту процесін заманауи стандарттарға сәйкестендіреміз;
білім алушыларды нақты өндіріске бейімдейміз;
жұмыс берушілердің талаптарына тікелей жауап беретін дағдылар қалыптастырамыз.
Колледж алдағы уақытта қандай технологиялық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр?
Алдағы уақытта бірнеше ірі көлемді іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда қалалық, республикалық хакатондар, жұмыс берушілердің форумы, кәсіптік практикадағы мастер кластар, өндірістен келген мамандармен кездесулер.
Бұл шаралардың ең басты құндылығы – студенттердің нақты дағдыларды меңгеруі. Еңбек нарығында қажет дағдыларды ерте жасынан қалыптастырады, компаниялармен тікелей байланыс орнатады, хакатондарда, семинарларда тәжірибе жинап, портфолио қалыптастырады.
Көптеген студенттеріміз іс-шаралардан кейін практикаға немесе жұмысқа ұсыныс алып жатады
Колледж халықаралық байланыстарды дамыту бойынша жұмыс жүргізеді ме?
Колледж шетелдік оқу орындарымен, білім беру ұйымдарымен және әртүрлі халықаралық орталықтармен серіктестік орнатуға ұмтылады. Атап айтқанда Қырғызстан, Өзбекстан колледждерімен халықаралық байланысорнатылды. Алдағы мақсатта Түркия, Қытай жәнебасқа да ТДМ елдерінде халықаралық байланыс орнату ойда бар.
Бұл жұмыс аясында:
сияқты бағыттар қарастырылады.
Колледжде академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырыла ма?
Иә, колледжде академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады.
Бағдарлама аясында білім алушылар мен педагогтар басқа оқу орындарында білім алуға, тәжірибе алмасуға, қысқа мерзімді курстарға, семинарларға және өндірістік практикаға қатысу мүмкіндігіне ие.
Колледж ішкі (Қазақстан ішіндегі) және сыртқы (халықаралық) серіктес оқу орындарымен бірлесе отырып, академиялық ұтқырлықты дамыту бағытында жұмыстар жүргізеді. Бағдарламаның мақсаты – білім алушылардың кәсіби дағдыларын арттыру, көкжиегін кеңейту, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен танысу және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Оқытушылар жаңа технологиялық өзгерістерге қалай бейімделуде?
Оқытушылар – колледждің басты қозғаушы күші. Сондықтан біз педагогтардың кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлеміз. Оқытушыларымыз жыл сайын цифрлық педагогика, EdTech, WorldSkills стандарттары бойынша курстар өтеді, жаңа IT құралдарымен жұмыс істеу бойынша ішкі тренингтер ұйымдастырылады;
Бұл жұмыстар оқытушылардың жаңашылдыққа бейімделуіне және сабақ сапасының артуына тікелей әсер етеді.
Колледжде білім алушылар мен педагогтардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырыла ма?
Иә, колледжде білім алушылар мен педагогтардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылады.
Колледж жыл сайын педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында заманауи оқу әдістемелері, цифрлық сауаттылық, инклюзивті білім беру, STEM технологиялары, дуальды оқыту және пәндік шеберлік бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.
Сонымен қатар білім алушылар үшін де қосымша оқыту курстары, кәсіби дағдыларды дамыту тренингтері, өндірістік шеберлік сабақтары және түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламалары қарастырылған.
Бұл курстар оқу процесінің сапасын арттыруға, педагогтар мен студенттердің кәсіби дамуына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.