AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда инклюзивті инфрақұрылым мен әлеуметтік ор...

Алматыда инклюзивті инфрақұрылым мен әлеуметтік орталықтар дамуда

Барлығы 29.10.2025, 16:11 447
Алматыда инклюзивті инфрақұрылым мен әлеуметтік орталықтар дамуда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым әлеуметтік көмектің тек қаржылық емес, сонымен бірге азаматтарды еңбекке тартуға бағытталғанын атап өтті. Соның бірі – мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және бейімдеу мақсатындағы «JOBCOACH» жобасы. Жыл басынан бері мегаполисте 1 620 адам жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан.

Сонымен қатар, 34 мың қалалық инфрақұрылым нысанын бейімдеу үшін 2030 жылға дейін паспорттау жүргізілуде. Бұл процесті «Цифрлық инклюзия» платформасы арқылы бақылау қамтамасыз етіледі.

«Әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9 медициналық-әлеуметтік мекеме, 14 үкіметтік емес ұйым және аудандық әкімдіктердің 8 үйде қызмет көрсету бөлімшесі лицензияланған. Жыл сайын 7 мың қызмет алушы қамтылады. Сондай-ақ, 1,6 мың әлеуметтік қызметкерге еңбекақысының 30 %-ы мөлшерінде ынталандыру үстемақысы енгізілді», - деді Нұрлан Әбдірахым.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына дейін 1 мыңнан астам маман біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Бағдарламаның мақсаты – олардың кәсіби деңгейін арттыру, жаңа әдістемелерді енгізу мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту.

 

Алматыда бірнеше әлеуметтік орталықтар сәтті жұмыс істеуде: дамуында ауытқуы бар 3 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсететін «Ерте араласу орталығы», «Отбасыны қолдау орталығы», сондай-ақ 24 мың зейнеткерге түрлі әлеуметтік және білім беру қызметтерін ұсынатын «Белсенді ұзақ өмір орталығы».

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 150 орындық оңалту орталығының жобалау жұмыстары аяқталып келеді. Орталықта балалар мен ересектерге арналған қызметтер көрсетілетін болады. Жобаны іске асыру 2026 жылы басталады. Сонымен қатар, Наурызбай, Бостандық және Медеу аудандарында жаңа оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда, олардың жалпы қамтуы 200 адамға дейін жетеді», - деп қорытындылады Нұрлан Әбдірахым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика