Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда инклюзивті білім беру саласындағы 300 пед...

Алматыда инклюзивті білім беру саласындағы 300 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті

Барлығы 11.11.2025, 19:33 399
Алматыда инклюзивті білім беру саласындағы 300 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті
сурет: Алматы әкімдігі

Алматы қаласында жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті. Оқыту жұмыстарын отандық және шетелдік жетекші сарапшылар жүргізді.

Жоба Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен және «ТМД елдерінде білім беруді ілгерілету жөніндегі халықаралық қорының» ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Оқыту екі кезеңнен тұрды: 13–17 қазан аралығында онлайн форматта және 27–31 қазан күндері офлайн режимде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, курстар мегаполистегі мектептерде инклюзивті білім берудің сапасын арттыруға бағытталған. Оқытуға 300 педагог қатысты, олардың 100-і — бастауыш сынып мұғалімдері, ал 200-і — пән мұғалімдері. Кемінде 80 сағатқа есептелген бағдарлама аясында педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды (ЕБҚ) оқытудың заманауи тәсілдерін меңгерді.

Курстың негізгі мақсаты – педагогтердің инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру және енгізу бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру. Атап айтқанда, педагогтерде инклюзивті білім беру туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, ЕБҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық бағалау жүргізу алгоритмдерін үйрету. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін бейімдеу дағдыларын дамытуға көмек көрсету.

«Бүгінгі таңда әрбір бала үшін мектептерде тең білім алу мүмкіндіктерін жасау бұрынғыдан да маңызды. Бұл курстар – педагогтеріміздің жұмыс барысында үздік халықаралық әдістемелер мен инновациялық шешімдерді қолдануына көмектесетін тәжірибелік құрал», – деді Алматы қаласы Білім басқармасы жанындағы Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Ардақ Смағұлова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инклюзив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты СІМ жаңа мәлімет таратты

Бүгін 11:19

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика