конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда иесіз электр желілерін коммуналдық меншік...

Алматыда иесіз электр желілерін коммуналдық меншікке беру жұмысы күшейтіледі

Алматы 12.05.2026, 15:20 329 yakiya
Алматыда иесіз электр желілерін коммуналдық меншікке беру жұмысы күшейтіледі

Алматы әкімдігінде қала әкімі Дархан Сатыбалды төрағалығымен иесіз және жекеменшік электр желілерін коммуналдық меншікке беру және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиын барысында жекеменшік желілерді пайдаланудағы жүйелі түйткілдер, электр қуатының жиі өшу себептері және қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылды.

Кеңесте айтылғандай, қаладағы жекеменшік электр желілерінің едәуір бөлігі әбден тозған әрі тиісті техникалық қызмет көрсетілмейді. Бұл жағдай апаттық өшуге, кернеудің тұрақсыздығына және тұрғындар тарапынан шағымдардың артуына әкеліп отыр. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның (АЖК) мәліметінше, кейбір жекеменшік желілердің тозу деңгейі 80 пайыздан асады.

Сондай-ақ, жекелеген желілердің есепке алынуы мен баланстық тиесілігін айқындайтын ашық жүйенің жоқтығына ерекше назар аударылды. Бұл олардың пайдаланылуы мен жаңғыртылуын қиындатып отыр. Кеңес барысында қала аудандары бойынша жекеменшік желілер мен электр қуатының өшу санына қатысты деректер де жария етілді. Соңғы алты айда Алматыдағы жалпы өшірулердің шамамен 45 пайызы немесе 295 жағдайы жекеменшік желілерге тиесілі болған.

Наурызбай, Бостандық, Медеу және өзге де аудандардағы электр қуаты жиі өшетін проблемалық учаскелер жеке қаралды.

Кеңес барысында қала әкімі ведомствоаралық үйлестіруді күшейтіп, иесіз желілерді коммуналдық меншікке қабылдау жұмысын жеделдетуді тапсырды. Кейін оларды пайдалану АЖК-ға беріледі. Әсіресе, тұрғын үй кешендері, апаттық учаскелер және әлеуметтік маңызы бар нысандар басым бағыт ретінде белгіленді.

Сонымен қатар, желілердің тиесілігін анықтау, жеке есепшоттар ашу және оларды әрі қарай пайдалану тетіктерін біріздендіру міндеті қойылды. Бұл жұмысқа әкімдіктің салалық басқармалары, энергетикалық қадағалау органдары, қала прокуратурасы және АЖК қатысады.

Кеңес соңында аталған шараларды жүзеге асыру апаттық жағдайды азайтып, электрмен жабдықтау сапасын арттыруға, желідегі шығындарды қысқартуға және қала тұрғындары арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электр қуаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);