Алматыда химия өнеркәсібіне арналған ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру талқыланды

Алматыда химия өнеркәсібіне арналған ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру талқыланды Сурет: Gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Ғылым қоры химия саласындағы ғылыми жобалардың тұсаукесерін ұйымдастырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғалымдар мен инвесторлар және кәсіпкерлер бас қосты.

 «Химия өнеркәсібі бойынша технологияларды коммерцияландыру реакторы» диалог алаңында қатысушылар ғылыми жобаларды енгізу және инновацияларды коммерцияландыру мәселелерін ортаға салды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.  

Ауқымды кездесуге ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Камиль Ақатов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов, Алматы, Атырау, Қарағанды және өзге де өңірлердегі университет ғалымдары, танымал бизнесмендер қатысты.

Кездесу мақсаты – бизнес өкілдерін университет ғалымдары әзірлеген инновациялық жобалармен таныстыру, ғылым мен бизнесті біріктіру, ғылыми жобаларды нарыққа шығару, коммерцияландыру бағытындағы түйткілді мәселелерді қарастыру.

Жалпы, ғылыми инновацияларды енгізу үшін берік серіктестік құра отырып, ғылым мен бизнесті тиімді біріктіретін коммерцияландыру реакторы аясында өткен шаралар қорытындысы бойынша 14-тен астам ғылыми жоба қаржыландыруға ие болды.

Солардың бірі, коммерцияландыру реакторында ұсынылған өсімдік майын регенерациялау жөніндегі жоба қаржыландыруды алып, бизнес пен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдарымен серіктестікте жаңа өндірісті іске қосты. Өсімдік майын өңдейтін жаңа цех ғылым мен бизнестің табысты ынтымақтастығының нәтижесі болды.

Жиында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов диалог алаңы перспективалық мәмілелер жасасуға және жобаларды коммерцияландыру жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде ҚазҰУ-дың проректоры Еркін Дүйсенов сөз сөйлеп, бүгінде ЖОО алдында ғылымды басқару сапасын жақсарту, университет ғылымын дамыту, ғылыми қызметкерлер санын көбейту міндеті тұрғанын айтты.

«Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Камиль Ақатов жүргізілген жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында ғалымдар инвесторларға ғылыми әзерлемелерін таныстырды. Атап айтқанда, көмірдің шаң тәрізді фракциясын кешенді пайдалану, құрамында күкіртсутегі бар газдарды тазарту, мұзға қарсы заттарға арналған натрий форматын алу, мал шаруашылығы қалдықтарынан кератин гидролизаттарын өндіру және өзге де инновациялық жобалар бар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:24

12:38

12:24

12:23

12:18

11:58

11:53

11:48

11:23

10:24

10:07

10:06

09:55

09:51

09:22

09:16

09:05

08:59

08:53

08:43

08:24

21:34

20:15

19:44

19:19