AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фести...

Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті

Алматы Бүгін 19:45 31
Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті

Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті. Оны қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл мереке төртінші рет өткізіліп отыр. Дәстүрлі түрде бас қосқан аға буын өкілдері көрермен болып қана қоймай, өздері де сахнаға шығып, өнері мен жетістіктерін көрсетті.

Фестиваль қатысушылары ән айтып, би билеп, музыкалық аспаптарда ойнап, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы тегін сабақтардың арқасында қол жеткізген шығармашылық жетістіктерін ортаға салды. Ал фойеде орталыққа келушілердің қолынан шыққан бұйымдар мен салған суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ғимаратында өткен мерекеге 700-ден астам адам қатысты.

Бағдарламаға қатысушылардың бірі 80 жастағы Мәрияш Қайсарбекова. Ол Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына бір жылға жуық уақыттан бері барып жүр. Осы аралықта көптен бергі арманын жүзеге асырып, күй тартуды үйренген.

«Мен бала кезімнен ән айтамын, ән айтуға қабілетім де жақсы болды. Ал күй тартуды білмейтінмін, бірақ үйренуді армандайтынмын. Таныстарым Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына баруға кеңес берді. Осындай ой салғандары үшін оларға үлкен рақмет. Әрине, маған күй тартуды үйреткен ұстазыма да алғысым шексіз. Қазір үйдегі барлық мерекеде ғана емес, басқа да жиындарда күйді ықыласпен орындаймын», – деді алматылық зейнеткер.

Бүгінде қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 11 мыңға жуық адам барады. Орталық төрт бөлімшені біріктіреді. Төрт жылдың ішінде мұнда ұсынылатын бағыттар саны 40-тан 70-ке дейін артқан.

«Төрт жылдың ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Тоғыз би ұжымы, алты домбыра ансамблі және төрт хор ұжымы құрылды. Олардың барлығы дерлік халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындар мен Бас жүлде иеленіп жүр. Подиумда табысты өнер көрсетіп жүрген модельдеріміз де бар. Олар Испания, Италия, Қытай, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерін қосқанда, әлемнің жеті елінде өнер көрсетіп үлгерді», – деді Алматы қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Сәуле Бекетаева.

Орталық жобаларының бірі «Күміс университеттер». Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың арқасында бағдарлама қатысушылары өздерін қызықтыратын бағыттар бойынша білімін жалғастырып, кәсіби деңгейде жаңа білім ала алады.

Жоба жүзеге асырыла бастағалы бері 3850 адам білім алды. Олар киберқауіпсіздік, мобилография, ағылшын тілін меңгеріп, қысқаметражды көркем фильмдер түсіруді үйренді және басқа да заманауи бағыттар бойынша білім алды.

Алматыда «күміс еріктілер» қозғалысы да дамып келеді. Бұл идея Жапония тәжірибесінен алынған. Онда аға буын өкілдері өздері сабақ өткізіп, қызығушылықтарына қарай түрлі үйірмелер ұйымдастырады. Қазір мұндай тәжірибе қалалық орталықта да дамып келеді.

Тағы бір жоба – агрокраудсорсинг. Алғашында жоба қатысушылары жидек және көкөніс дақылдарын өсірумен айналысты. Уақыт өте келе бағыт аясы кеңейіп, ландшафтық дизайн, гарден-терапия, иппотерапия және жануарлармен қарым-қатынас жасауға негізделген пет-терапия сабақтары пайда болды.

Фестиваль аға буын өкілдеріне арналған бір айлық іс-шаралардың бастамасы болды. Қазан айы бойы Алматыда көрмелер, концерттер, спорттық және білім беру сабақтары, шығармашылық кездесулер және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Алматылық аға буын өкілдерін алда мазмұнды уақыт өткізіп, жаңа адамдармен танысып, шығармашылыққа ден қойып, жаңа дүниелер үйренуге және көптен бергі армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талай қызықты іс-шара күтіп тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04

Мемлекет басшысы General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады

Бүгін 20:00

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті

Бүгін 19:30

Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);