AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясын...

Алматыда Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында қарттар айлығы өтеді

Әлеумет 26.09.2024, 09:09 974 Bakyt
Алматыда Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында қарттар айлығы өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қарттар айлығы шеңберінде Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлерге, яғни орталық қызмет алушыларына арнап бірқатар ірі іс-шаралар ұйымдастырады:

  • 1 қазан күні сағат 11:00-де Тұңғыш Президент саябағының алдында Қарттар айлығының ашылуы және 300-ден астам адамның қатысуымен скандинавиялық серуендеу фестивалі өтеді. Бағдарламада жаппай флешмоб, командалардың скандинавиялық серуендеу бойынша көрсетілімдері, шығармашылық нөмірлер жоспарланған. Алматының әртүрлі аудандарынан, соның ішінде Алатау, Бостандық, Әуезов, Жетісу, Наурызбай және басқа да командалар қатысады.

  • 1-4 қазан аралығында Алматы қаласының тарихи музейінде зейнеткерлердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтеді. Онда 20-дан астам қызмет алушының 90 туындысы ұсынылады.

  • 4 қазан күні сағат 11:00-де Ават ауылында «Егін мерекесі» атты көшпелі іс-шара өтеді. Оған 150-200 адам қатысып, зейнеткерлер концерті, «Агрокраудсорсинг» белсенділерінің еңбектерін марапаттау рәсімі, сондай-ақ «Табиғат сыйы» көрмесі ұйымдастырылады.

  • 10 қазан сағат 14:00-де «Асыл қазынам» ұзақ өмір сүру фестивалі өтеді. Іс-шарада шығармашылық қойылымдар, флешмобтар, дефиле, домбыра оркестрлері мен спорттық көрсетілімдер және зейнеткерлердің шығармашылық көрмесі жоспарланған. Оған 500 көрермен мен 150 қатысушы жиналады.

  • 18 қазанда сағат 11:00-де Атакентте зейнеткерлердің қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтеді.

  • 30 қазан сағат 14:00-де Қарттар айлығының жабылуына орай «Менің жылдарым – менің байлығым» атты ұзақ өмір сүру балы өтеді. Онда зейнеткерлердің би ұжымдарының өнерлері, «Асыл әже» кешкі киімдер мен ұлттық костюмдер шеруі өтеді. Балға 200-250 адам қатысады. Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтеді.

Сонымен қатар, Халықаралық қарттар күні аясында Алматыда қарттармен кездесулер, экскурсиялар, театрлар мен музейлерге тегін бару, актерлер мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, зейнеткерлерге заңгерлік кеңестер, қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар өткізіліп, «60+ кәсіби бағдар» атты еңбек нарығы және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы ақпарат беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қарт адамдардың денсаулығын қолдау, қолайлы орта құру және аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын арттыру бағытында жұмыс істейді.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша орталықта 4899 зейнеткер тіркелген, оларға 179 988 қызмет көрсетілген. Орталықтың бас кеңсесі Алматы қаласы, Мәуленов көшесі, 46а мекенжайында орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қарттар #қамқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);