конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықаралық «New Vision: Бизнес күші» фор...

Алматыда халықаралық «New Vision: Бизнес күші» форумы өтеді

Әлеумет 10.06.2024, 12:55 965 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда халықаралық «New Vision: Бизнес күші» форумы өтеді
Сурет: Gov.kz

27-29 маусымда Алматы қаласында алғаш рет «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес-форумы өтеді, ол Қазақстандағы жылдың ең жарқын, әрі маңызды бизнес-оқиғасы болмақ, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

 

Үш күн бойы оңтүстік астана қазақстандық ғана емес, сонымен қатар шетелдік бизнес-көшбасшылардың, көрнекті саяси қайраткерлердің жиын ортасына айналады.

 

Форумның негізгі тақырыптары AI дәуіріндегі жаһандық мегатрендтерге, бизнес пен нарықтарға және өзгерістер дәуіріндегі көшбасшылыққа арналады.

 

Осындай ауқымды іс-шараны өткізіп, диалог алаңын құруға себеп - аймақтың дамуы, халықаралық бизнес қызығушылығының артуы және жергілікті стартаптардың айтарлықтай өсуі.

Іс-шараға түрлі салалар өкілдері: бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар, коучтер мен өнер қайраткерлері, олардың ішінде интернет новаторы - Джефф Хоффман, Virgin Group негізін қалаушы - Ричард Брэнсон, жетістік психологиясы саласындағы әлемдік сарапшы - Брайан Трейси, Astana Group иесі, меценат - Нұрлан Смағұлов, Kusto Group негізін қалаушы-серіктесі, YPO Kazakhstan төрағасы - Қанат Көпбаев, Freedom Holding иесі - Тимур Турлов, «Mr Body Language», 15 бестселлер авторы - Аллан Пиз, BI Group акционері, филантроп - Айдын Рахимбаев, Прасанна Санкар - құны 11,5 миллиард долларға бағаланған Rippling қызметкерлерді басқару стартапының негізін қалаушы және басқа да көрнекті кәсіпкерлер мен өз саласында үздік қайраткерлер қатысады.

New Vision аясында түрлі форматтар қарастырылған: панельдік сессиялар, воркшоптар, көрме, тәлімгерлік аймағы, ашық пікірталастар.

Биыл форумға Димаш Құдайберген қатыспақ.

Әлемге әйгілі әнші өзінің ең танымал хиттері мен жаңа әндерін орындап, арнайы бағдарлама ұсынады.

Ұйымдастырушылар Қазақстандағы су тасқынына байланысты іс-шарадан түскен табыстың 50%-ын зардап шеккен өңірлерге аудару туралы шешім қабылдады.

Іс-шараны Nobel Fest әлемдік ғылыми фестивалі Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO)-мен бірлесіп ұйымдастырады.

 Күні: 2024 жылдың 27-29 маусымы

Уақыты: 08:00 - 18:00

Өтетін жері: Алматы қ., Республика сарайы - негізгі алаң, «Қазақстан» қонақ үйі, «Novotel» қонақ үйі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #форум #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);