AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықаралық Жастар күні қалай атап өтілед...

Алматыда халықаралық Жастар күні қалай атап өтіледі?

Әлеумет 01.08.2024, 13:58 1,364 Bakyt
Алматыда халықаралық Жастар күні қалай атап өтіледі?
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықаралық жастар күніне орай бірқатар арнайы акциялар жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы – жастар қаласы, мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады. 

 «1999 жылдан бастап бүкіл әлемде 12 тамызда Халықаралық Жастар күні атап өтіледі. Бұл жастарға, олардың жетістіктері мен әлеуетіне арналған ерекше күн. Біз қарқынды өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жастар батылдық пен шығармашылықтың үлгісін көрсете отырып, осы процестердің алдыңғы қатарында. Біздің міндетіміз – сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау», - деді Азиз Кажденбек.

Бұл күні қала кәсіпкерлерімен бірлесіп 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға арналған «Jas Almaty» ауқымды акциясын өткізу жоспарлануда, оның шеңберінде қоғамдық тамақтану, пайдалы демалыс саласында жеңілдіктер жасалады. 

3-12 тамыз аралығында «Taza Qazaqstan», «Jas kelse. Iske!» сияқты 10 бағыт бойынша 60-тан астам спорттық, мәдени және зияткерлік іс-шаралар өтеді. «Densaulyk – zor bailyk», «Gylym tappai maqtanba», «Meyirimdilik mekeni», «Adal Azamat», «Enbek barin de jenbek», «Ystyq qairat. Nurly aqyl. Jyly jurek», «Qorgan-24», «Jasratmen birge» іс-шаралары жастар арасында шығармашылық әлеует пен салауатты өмір салтын дамытуға ықпал етеді.

Іс-шараларға жастар қозғалысының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, жас блогерлер мен қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары қатысады.

ӨКҚ спикері Алматыда жастардың әлеуетін толық іске асыру, сондай-ақ жастарға атаулы көмек көрсету мақсатында өткен жылы 8 жастар комьюнити орталықтарының іске қосылғанын атап өтті. Орталықтардың саны 2025 жылға дейін 16-ға дейін артады. Жалпы, 2024 жылдың басынан бері 750-ден астам іс-шара өткізіліп, оған жалпы саны 53 мыңнан астам жас қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жастар күні #Азиз Кажденбек #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика