AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда халықаралық бизнес форум өтеді

Алматыда халықаралық бизнес форум өтеді

Не? Қайда? Қашан? 12.06.2024, 19:11 1,045
Алматыда халықаралық бизнес форум өтеді
Nobel Fest

Биылғы форумға Димаш Құдайберген қатысады.

27-29 маусымда Алматы қаласында алғаш рет «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл жиын жылдың ең жарқын, әрі маңызды бизнес оқиғасы болмақ.

Үш күн бойы Алматы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік бизнес лидерлерінің, көрнекті саяси қайраткерлердің жиын ортасына айналады.

Форумның негізгі тақырыптары: AI дәуіріндегі жаһандық мегатрендтер, бизнес пен нарықтарға және өзгерістер дәуіріндегі көшбасшылық.

Осындай ауқымды іс-шараны өткізіп, диалог алаңын құруға себеп – аймақтың дамуы, халықаралық бизнес қызығушылығының артуы және жергілікті стартаптардың айтарлықтай өсуі.

Іс-шараға түрлі сала өкілдері: бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар, коучтер мен өнер қайраткерлері, олардың ішінде интернет новаторы – Джефф Хоффман, Virgin Group негізін қалаушы – Ричард Брэнсон, жетістік психологиясы саласындағы әлемдік сарапшы – Брайан Трейси, Astana Group иесі, меценат – Нұрлан Смағұлов, Kusto Group негізін қалаушы-серіктесі, YPO Kazakhstan төрағасы – Қанат Көпбаев, Freedom Holding иесі – Тимур Турлов, «Mr Body Language», 15 бестселлер авторы – Аллан Пиз, BI Group акционері, филантроп – Айдын Рахымбаев, Прасанна Санкар – құны 11,5 миллиард долларға бағаланған Rippling қызметкерлерді басқару стартапының негізін қалаушы және басқа да көрнекті кәсіпкерлер мен өз саласында үздік қайраткерлер қатысады.

New Vision аясында түрлі форматтар қарастырылған: панельдік сессиялар, воркшоптар, көрме, тәлімгерлік аймағы, ашық пікірталастар.

Биыл форумға Димаш Құдайберген қатысады. Әлемге әйгілі әнші өзінің ең танымал және жаңа әндерін орындап, арнайы бағдарлама ұсынады.

Бұл іс-шарадан түскен табыстың 50%-ын Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге аудару туралы шешім қабылданды.

Іс-шараны Nobel Fest әлемдік ғылыми фестивалі Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO) ұйымымен бірлесіп ұйымдастырады.

Форум өтетін күндер: 2024 жылдың 27-29 маусымы

Уақыты: 08:00 – 18:00

Өтетін жері: Алматы қ., Республика сарайы – негізгі алаң, «Қазақстан» қонақ үйі, «Novotel» қонақ үйі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #форум #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04

Павлодарда боранда көліктерге жол көрсетіп, 4 шақырым жаяу жүрген әйел марапат алды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика