конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда халық композиторы Манарбек Ержановтың таң...

Алматыда халық композиторы Манарбек Ержановтың таңдаулы туындылары шырқалды

Барлығы 20.02.2026, 15:40 498
Алматыда халық композиторы Манарбек Ержановтың таңдаулы туындылары шырқалды

Қазақ халқының дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі, халық композиторы Манарбек Ержановтың туғанына 125 жыл толуына орай Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында тағылымды мәдени іс-шара өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Айтулы кештің басты мақсаты – ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан өнер тарланының шығармашылығын кеңінен насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат. Ата-бабадан жеткен асыл мұраны сақтау мен дәріптеу – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деді Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі Роза Қаженова.

Іс-шара барысында дәстүрлі ән мектебінің үздік өкілдері сахна төріне шығып, Манарбек Ержановтың репертуарындағы таңдаулы шығармаларды орындады. Республикалық байқаулардың лауреаттары, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының студенттері де қатысып, көрермендерге жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігін паш етті. Ән кеші ұлттық нақыштағы сахналық көріністермен, музыкалық композициялармен үйлесім тауып, көрерменге рухани әсер сыйлады.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар мен өнер жанашырлары ұлттық ән өнерінің мәні мен маңызына тоқталып, Манарбек Ержанов мұрасының қазақ мәдениетіндегі орны ерекше екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

Бүгін 19:23

Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Бүгін 19:17

Жетісу облысында 4 адамның өмірін құтқарған полиция қызметкері "Үздік жас батыр" атанды

Бүгін 18:56

Елена Рыбакина Канададағы «Мастерс» турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Бүгін 18:49

Бостандық ауданында ауыз сумен қамту штаттық режимде жүргізілуде

Бүгін 18:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);