AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда ғылымның дамуы талқыланып, ғалымдардың же...

Алматыда ғылымның дамуы талқыланып, ғалымдардың жетістіктері таныстырылды

Білім және ғылым 10.04.2026, 16:49 211 yakiya
Алматыда ғылымның дамуы талқыланып, ғалымдардың жетістіктері таныстырылды

Алматыдағы «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оған ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен жас ғалымдар қатысты. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің ғылыми экожүйені дамыту және ғылымның экономика мен қоғамдағы рөлін күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «Ғалымдар аллеясында» ағаш егу рәсімі өтті. Сонымен қатар медицина, биотехнология, генетика және археология салаларындағы ғылыми әзірлемелер мен инновациялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.

«Ғылым әрқашан прогрестің қозғаушы күші, жаңа идеялар мен технологияның қайнар көзі, қоғамның тұрақты дамуының негізі. Бүгінде дәл ғылыми жетістіктер қалаларымыз бен еліміздің болашағын айқындайды», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Әкімнің орынбасары Алматыда ғылымды қолдаудың заманауи экожүйесі қалыптасып жатқанын, ол ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететінін атап өтті.

Қала әкімінің орынбасары 2026 жылы 10 сәуірден бастап Алматыда түйткілді мәселелерді шешуге және қолданбалы әзірлемелерді енгізуге бағытталған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

Іс-шара аясында ғылыми қауымдастық өкілдерінің еңбегі бағаланды. Жоғары білім мен заң ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан Айнар Сәбитова «Парасат» орденімен марапатталды.

Аталған іс-шара ғылым, мемлекет және бизнес өкілдері арасындағы диалог алаңына айналып, қаланың дамуындағы ғылымның стратегиялық рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);