конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Ғ.Мүсіреповтің “Ер ана” жинағы таныстырыл...

Алматыда Ғ.Мүсіреповтің “Ер ана” жинағы таныстырылды

Барлығы 27.11.2025, 11:41 788
Алматыда Ғ.Мүсіреповтің “Ер ана” жинағы таныстырылды
сурет: автордан

Ғ.Мүсіреповтің музей-үйінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Ғабит Мүсіреповтің «ЕР АНА» атты әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.

“Кітап “Qasymkitap” баспасынан 1000 дана таралыммен жарық көрді. Құрастырушысы – Әділғазы Қайырбеков. Жинаққа қаламгердің «Боранды түнде», «Ананың анасы», «Ер ана», «Екінші Биаға», «Автобиографиялық әңгіме», «Жапон балладасы» сияқты 32 әңгімесі енген”, - дейді С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ғылыми бөлім жетекшісі Назгүл Алтаева.

Ұлттық сөз өнері тариxындағы зор тұлға Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығын, әңгіме жанрындағы шеберлік құпиясын кеңінен насихаттау мақсатында өткен бұл іс-шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегман, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Гүлзия Пірәлі, ақын, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері Кәмнұр Тәлімұлы, Алматы қаласы музейлер бірлестігі директорының Даму жөніндегі орынбасары Арын Сәрсембаев және басқа да әдебиет жанашырлары қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, дәстүрлі әнші Нұрасыл Мәдібек Ақан серінің әні «Жамал қыз» бен халық әні «Сұржелгеншені» орындап, тыңдаушыларды бір серпілтіп тастады.
Іс-шараны музей кешенінің аға ғылыми қызметкері Ә.Қайырбеков қорытындылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мүсірепов театры #әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Кеше 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Кеше 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Кеше 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Кеше 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Кеше 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);