2025 жылы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Шымбұлақ тау курортында фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Халықаралық жарыста фристайлшылар келесідей нәтиже көрсетті.
ерлер:
1 орын: KINGSBURY Mikael(Канада)
3 орын: HORISHIMA Ikuma(Жапония)
ерлер:
3 орын: YANAGIMOTO Rino(Жапония)
Могул бойынша жарыстың финалдық кезеңі қатты тұман болу себебінен өткізілмеді.
Әйелдер арасындағы жарыстық нәтижелері бірінші финал бойынша (F1), ал ерлердікі бағыттар нәтижелері бойынша анықталды.
Городко Анастасия 6-орын, Юлия Галышева 7-орын, ал Павел Колмаков 5-орын алды.
1 наурыз «Параллель могул» бойынша жарыс өтті.
Анастасия Городко осы бағыт бойынша жақсы өнер көрсетіп, 3-орын алды.
«Параллель могул» бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
ерлер:
1 орын: KINGSBURY Mikael(Канада)
2 орын: HORISHIMA Ikuma(Жапония)
3 орын: GRAHAM Matt(Австралия)
әйелдер:
1 орын: KAUF Jaelin(АҚШ)
2 орын: YANAGIMOTO Rino(Жапония)
3 орын: GORODKO Anastassiya(Қазақстан)
Анастасияны Әлем Кубогында алған екінші медалімен құттықтаймыз. Юлия Галышева ширек финалға өтіп, Анастасия Городкоға есе жіберіп, 5-орын алды. Павел Колмаков жарыс қорытындысы бойынша 10-орынға тұрақтады.
2 наурыз “Шаңғы акробатикасы” бойынша жарыстар спортшылардың өнер көрсетуімен аяқталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ерлер:
1 орын: WANG Xindi (Қытай)
2 орын: ROTH Noe (Швейцария)
3 орын: QI Guangpu (Қытай)
Әйелдер:
1 орын: PEEL Laura (Австралия)
2 орын: XU Mengtao (Қытай)
3 орын: SCOTT Danielle (Австралия)
Ayana ZHOLDAS – 9-орын алып, алғашқы финалға өтті, бірақ, өкінішке қарай, турнирлік кестеде алдыңғы қатарға шыға алмады. Ерлер бағыт бойынша жарыстарда финалға шыға алмады.
Погосян Роман занял - 26 орын
Хаширбаев Шерзод - 27 орын
Умурзаков Уланбакир - 28 орын
Динмухаммед Райымкулов - 32 орын
Әлем Кубогының финалдық кезеңдері Ливиньода (Италия) 11-13 наурыз аралығында өтеді.
Жарысқа әлемнің 18-ден астам елінің мықты деген спортшылары қатысты, Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының қатысушылары мен жеңімпаздары, өткен кезеңдердің жеңімпаздары келді, жалпы қатысушылар саны - 100-ден асты.
Спортшылар да, FIS өкілдері де трассалардың дайындығы мен жарысты ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.
Жарысты ұйымдастырушылар 2025 жылы 6 Әлем кубогы кезеңдерін, Әлем чемпионатын, Юниорлар арасында Әлем чемпионатын, сондай-ақ, осы жылдан бастап өткізіп жатқан Азия Кубогын өткіземіз деп ойлаған да жоқ еді дейді.
"Мұндай масштабтағы жарысты өткізу еліміздегі туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді, қаламыз бен курортымыз бүкіл әлемнің туристтерін өзіне тарта түседі. Сонымен қатар спорттық туризм де дамып жатыр, бізге жаттығу жиындарын өткізу ұшін таяу және алыс шетелдерден командалар келе бастады. Спортшылар арасындағы сарафанды радионың арқасында канадалық райдерлер түсірген фрирайд жайлы «Tien Shan Dream» деректі фильмі сияқты біздің еліміз бен тауларымыз туралы фильм түсіруге келіп жатыр.
Біздің мақсаттарымыздың бірі - жастар арасында қысқы спорт түрлерін тарату. Біз тек фоистайл, тау шаңғысын ғана емес, сноуборд, фриски және басқа да спорт түрлерін дамыта бергіміз келеді. Ол үшін курорттағы спорттық қызметті дамытып, клуб мен курорттың инфрақұрылымын дамыта отырып жағдай жасаймыз.
Әлем кубоктары мен Чемпионаттарын өткізу - Қазақстандағы шаңғы спортының дамуына үлкен қадам, сондай-ақ өзімізді халықаралық жарыстар өткізетін мықты алаң ретінде таныту.
Халықаралық жарыстар спортшыларды ғана дамытпайды. Біздің елде қазір фристайл бойынша үш халықаралық төреші бар, олар Әлем кубоктарында, Еуропа кубоктарында, Әлем чемпионаттарында жұмыс істеп жүр. “Шымбұлақ” курортының операциялық директоры Александр Руденко жақында фристайлдан ФИС техникалық делегатының лицензиясын алды", - дейді ұйымдастырушылар.
Анықтама:
2019 жылдан бері FIS Әлем Кубогы Кезеңдері Алматыда, Орталық Азияның үздік тау курорттарының бірі - Шымбұлақта өтіп келеді. Жарысты өткізу үшін трассалар FIS халықаралық стандарттарына сай жасалған.
2018/19 маусымда Алматыда алғаш рет могул бойынша фристайлдан Әлем кубогының Кезеңі өтті. Жарысқа 12 елдің үздік спортшылары қатысты. Қазақстандық команданың көшбасшысы Юлия Галышева өз алаңында алтын медаль жеңіп алды.
2019/2020 маусымда Алматыда тағы да параллель могул ("Шымбұлақ" ТК) бойынша фристайлкезеңдері және шаңғы акробатикасы бойынша("Ой Қарағай" ТК) фристайлдан FIS Әлем Кубогының бірінші кезеңі өтті. Рейхерд Дмитрий "параллель могул" бойынша 4-ші орынға ие болды. Алдабергенова Жанбота "шаңғы акробатикасы" бойынша 3-орын алды.
2020/2021 жылы Алматыда FIS Әлем Чемпионаты және "параллель могул" және "шаңғы акробатикасы" бойынша фристайлдан Әлем кубогының кезеңдері ұйымдастырылды. Қазақстандық спортшылардың FIS Әлем чемпионатында өнер көрсетуі: Городко Анастасия "параллель могул" бойынша 3-орын, Юлия Галышева "могул" бойынша 2-орын, Павел Колмаков "могул" бойынша 3-орын алды.
2022/2023 маусымда Алматы қаласында төртінші рет Әлем кубогының финалдық кезеңдері өтті. Маусымның соңғы жарысында хрусталь глобустар беріледі, оларды өз бағытында ең көп ұпай жинаған спортшылар алады.
Финалдық кезеңдерде Павел Колмаков "могул" бойынша 2-орын алды.
2023/2024 маусымда Қазақстанда шаңғы акробатикасы және могул бойынша жарыстар қайта өтті. "Параллель могул" бойынша Павел Колмаков жарыстың финалына өтіп, күміс медаль жеңіп алды. Осылайша ол Әлем Кубогында бірнеше рет жүлделі орындарға ие бола отырып, ең мықты спортшы атағын растады.
2025 жылдың қаңтарында жаңа жылдық мерекелердің қызып тұрған кезеңінде Шымбұлақ тау курортында алғаш рет FIS жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті және олардың көпшілігі үшін жарыс халықаралық аренадағы алғашқы ірі старт болды. Әдетте бұл деңгейдегі старттар ақпан – наурыз айларының соңында өтеді, бірақ курорт командасы чемпионатты тіпті ең қызу маусымда және қарбалас жағдайда да ұйымдастырып, өткізе алды.
· Анастасия Городко могул бойынша FIS жасөспірімдер арасындағы фристайлдан Әлем чемпионатының күміс медалін және параллель могул бойынша алтын медалін жеңіп алды.
· "Командалық параллель могул" бағытында Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Феклистова Юлия мен Раструба Денис жұбы командалық 2-орынға ие болды.
· Дінмұхаммед Райымқұлов Қазақстанға "шаңғы акробатикасы" бойынша фристайлдан екінші алтын медаль алып келді. Финалдық әрекетте Райымқұлов 104.52 балл жинады, бұл Қазақстанға осы бағыт бойынша жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғашқы жеңісті сыйлады.
2024/2025 маусымда FIS Әлем Кубогы кезеңдерінің мәні зор, себебі онда Милан-Кортинада өтетін Олимпиада ойындарына спортшылар іріктеледі. Бұл - бізді тартысты сайыс күтіп тұр деген сөз, себебі спортшылар тек FIS ұпайлары үшін ғана емес, 2025/2026 жылғы қысқы олимпиадаға қатысу мүмкіндігін алу үшін іріктеу ұпайларын алу үшін де жарысқа түседі.