AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр

Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр

Әлеумет 12.12.2024, 17:05 823 Nursok82
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Қарағайлы шағын ауданындағы АКХ «Чапаева», учаске 426, 504 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстарының басталғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында тапсырыс беруші (жеке тұлға) тұрғын үй кешенін СЖТ-сыз, жоба эскизін келісусіз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз және тиісті сараптамасыз салғаны анықталды.

Тапсырыс берушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ғимаратты сүру туралы талап арыз берілді.

2023 жылдың 26 шілдесінде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қанағаттандырылды. 2023 жылдың 26 қазанында Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылдың 30 қаңтарында атқару парағы Алматының Әділет департаментіне жолданып, атқарушылық іс қозғалды. 

Бүгін сүру жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.

  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#түк #құрылыс #сүрілу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);