AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ескерткіштану орталығы ашылды

Алматыда ескерткіштану орталығы ашылды

Әлеумет 28.04.2023, 12:29 1,179 Досбол Атажан
Алматыда ескерткіштану орталығы ашылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда «Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығының» салтанатты ашылу рәсімі  өтті.


Ғылым Ордасы ғимаратында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ресми өткен жылы қыркүйекте құрылған «Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығының» салтанатты ашылу рәсімін  өткізді.



Орталықтың құрылуы қазіргі Қазақстан үшін ескерткіштанудың өзекті ғылыми-тәжірибелік бағытының маңызды рөлін көрсетеді. Сондай-ақ Ұлттық Ғылым Академиясының жүйесіндегі ескерткіштану дәстүрі іспетті арнайы мақсатты жасалған іргелі еңбектерінің жалғасы болып табылады.



«Айта кеткен жөн, Қазақстанда 150 мыңнан аса еліміздің өткенін тануға, сан алуан мәдениетін білуге таусылмас дерек көзі болатын тарихи-мәдени, көркемдік маңызға ие ескерткіштер бар. Олар идеологиялық, насихаттық, экономикалық  маңызға ие және қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде өзіндік орны бар. Кең байтақ далада тарыдай шашылған көне құрылыстар мен кешендердің маңыздылығы қазіргі күнгі геосаяси тұрғыдан қиын-қыстау кезеңде тіптен арта түспек, өйткені олар территориялық тұтастықтың, мемлекет тәуелсіздігінің негізі болатын тарихи-мәдени іргетасы болып табылады.


Қазіргі таңда тез бұзылып, жоғалып жатқан бірегей ескерткіштерді кешенді зерттеу, атрибуция, қорғау, қайта қалпына келтіру, сақтау және ары қарай пайдалану жалпы мемлекеттік маңызы бар міндет», – деп хабарлады шара ұйымдастырушылары.



Салтанатты ашылу рәсіміне ғалымдар, археолог, архитекторлар, институт ғалымдары қатысты. Сондай-ақ іс-шара барысында фото және кітап көрмелері ұйымдастырылды, Шығыс елдерінің Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі С.Е. Әжіғали лекция оқыды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ескерткіштану #орталық #салтанатты ашылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);