Алматыда есірткіге қарсы профилактикалық іс-шара өтті

Алматыда есірткіге қарсы профилактикалық іс-шара өтті Қайрат Қонысбаев

Алматыда «Есірткісіз болашақ» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Жол картасы негізіндегі іс-шараны Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырды. 

Іс-шараға Алматы қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 80-нен аса Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтері қатысты. Бұл өз кезегінде салааралық ынтымақтастықты арттырып, жастар тәрбиесіне қатысты кешенді әрі нәтижелі жұмыстар жүргізуге мүмкіндік берді.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Жастардың денсаулығын сақтау – ел болашағын сақтаудың кепілі. Зиянды әдеттердің алдын алу және жастарды дұрыс бағытқа тәрбиелеу – аса маңызды міндет», – деп атап өтті. Бұл – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған ұстаным. Жастардың арасында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстарды күшейту, алдын алудың жаңа жолдарын қарастыру, осы міндеттерді іске асыру аясында аталған іс-шараның маңызы зор, – деді «Профессор Рузуддинов атындағы Жоғары Медицина-Стоматологиялық колледжі» директорының Оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары Мейрамкүл Айтпайқызы. 

Басқосу мақсаты – білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде күшейту, жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Дөңгелек үстел барысында есірткіге қарсы күрес бағытындағы өзекті мәселелер талқыланып, алдын алу шараларының тиімді тетіктері қарастырылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, профилактикалық жұмысты жетілдіру жолдары бойынша нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Асқарұлы білім беру мекемелерінің дәрігер-наркологтармен, психологтармен тығыз жұмыс істеуін ұсынды.

– Бірінші курс студенті өзі тұратын Алматы облысының аумағында есірткі заттарын жасырумен айналысқан. Кейін ол полиция қызметкерлеріне ұсталып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше рет ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген: сыбайлас жемқорлықтан бастап, УБК желісі, кибербуллинг және басқа да мәселелер, соның ішінде есірткі тақырыбы да қамтылған. Дәрігер-наркологтардың қатысуымен де кездесулер өткен. Яғни барлық бағыттар толық қамтылды. Алайда бұл студент аталған дәрістерге қатысқанымен, тиісті қорытынды жасамаған. Өкініштісі, егер адамның қылмыстық ниеті болса, ол оны қандай да бір жолмен жүзеге асыруы мүмкін екен. Психологияда адамның 25 деңгейлі тәуекел сатысы бар екені белгілі. Солардың үшеуі сәйкес келген жағдайда адам есірткі қолдануға немесе қылмыс жасауға бейім болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Алматы қаласында наркоқылмыстың алдын алу жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Ол былтыр сәуірде құрылған, яғни бір жылдан бері қызмет етіп келеді. Кеңес құрамында қоғам қайраткерлері, депутаттар, блогерлер және танымал тұлғалар бар, – деді Дәурен Асқарұлы. 

Сондай-ақ, жиын барысында ұсынылып отырған жаңа конституциялық өзгерістер бойынша да талқылау жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.

«Есірткісіз болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел – жастардың денсаулығын қорғауға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы зиянды құбылыстардың алдын алуға бағытталған маңызды алаң болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:45

18:43

18:04

17:59

17:48

17:47

17:33

17:27

17:15

17:02

16:47

16:35

16:18

16:00

15:41

15:28

15:06

14:46

14:35

14:23

14:21

14:14

14:01

12:38

12:37