AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда есірткі зертханалары жойылды

Алматыда есірткі зертханалары жойылды

Оқиға 31.05.2023, 05:58 1,559
Алматыда есірткі зертханалары жойылды
Сурет: Іnform.kz

Заңсыз айналымнан 120 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.


Жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы полициясы жыл басынан бері 283 есірткі қылмысын анықтады. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жұмысындағы басым бағыт – синтетикалық есірткілерді анықтау және оларды өндіру бойынша зертханалардың қызметін тоқтату.


72 тонна прекурсорлар, есірткі өндіруге пайдаланылған басқа да заттар мен құрал-жабдықтар тәркіленіп, 8 тонна пайдалануға дайын заттардың айналымы тоқтатылды. Синтетикалық есірткілерді бетбелгілер арқылы тарату үрдісі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жыл басынан бері 30 есірткі бетбелгісін қоюшылар анықталды.



"Біз халықпен бірігіп, бетбелгі қоюшылардың санын барынша азайта аламыз. Қалалық ПД-ның сенім телефоны (Whatsapp 87055497025) тәулік бойы жұмыс істейді, оған есірткі қылмысы деректері, жиі қолданылатын бетбелгілердің орындары, бетбелгі қоюшылар мен тұтынушылар келетін көліктердің нөмірлері, граффити суреттерінің орналасқан жері, есірткі қоймаларының мекенжайлары туралы хабарлауға болады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.



Бүгінгі күні 3000-ға жуық граффити-суреттері анықталып, үстінен бояу арқылы жойылды. Есірткіні таратумен және жарнамалаумен айналысатын 238 интернет-сайт анықталды және бұғатталды.


Полицияда есірткі қылмысының алдын алу және онымен күресу мақсатында "Хақназар" қоғамдық қорымен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Наркостоп" жобасы қолға алынғанын айтып өтті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #зертхана #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Бүгін 09:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Бүгін 08:00

Елена Рыбакина US Open жеңімпазы атанды

Бүгін 05:00

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Кеше 21:45

Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед әл-Наһаянмен кездесті

Кеше 20:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);