Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді

Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Мемлекет басшысының халыққа «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тарифтік саясаты – «Инвестиция орнына тариф» қабылданды. Оның басты мақсаты – инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және ресурстарды, әсіресе суды ұтымды пайдалану, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанда жеке тұлғалар үшін ауыз суды тарифтеу қағидаттары қайта қаралды, оның аясында «тұтынудың әлеуметтік нормалары» енгізілді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметі бойынша, жаңа тарифтеу алгоритмі «неғұрлым көп тұтынсаңыз, соғұрлым көп төлейсіз» қағидасын ұстанады. Бұл суды үнемсіз пайдаланатын тұтынушылар үшін тарифтердің қымбаттауын білдіреді.

Осы шаралар аясында суды ұтымды пайдалану ынталандыру мақсатында Алматыда есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жаңа су тұтыну нормалары қабылданды. «Алматы Су» МКК хабарлауынша, бұл нормалар 1989 жылдан бері алғаш рет өзгерді. Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың қаңтарынан бастап суды және кәрізді есептеу үшін жаңа мөлшерлемелер енгізілді.

Есептеу құралдары орнатылмаған үйлердің тұрғындары үшін төлем мына нормалар бойынша есептеледі:

-              Әр тіркелген адамға айына 15 текше метр су тұтыну қарастырылған. Іс жүзіндегі тариф бойынша төлем 2 217,60 теңге;

-              Егер орталықтандырылған кәріз жүйесі болса, әр адамға қосымша 687,96 теңге алынады.

1989 жылдан бері қолданылып келген бұрынғы нормалар айтарлықтай төмен болатын: жеке үйлер үшін бір адамға айына 3-6 текше метр, пәтерлер үшін – 8,4 текше метр. Бұл ескірген нормалар тұтынушыларды есептегіш құралдарын орнатуға немесе суды үнемдеуге ынталандырмады. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта тек 65% тұрғын үйлер су есептегіштерімен жабдықталған.

«Алматы Су» МКК мамандарының айтуынша, бұрын жеке үйлер орталық коммуникацияларға қосылмаған болатын. Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың арқасында жеке сектор белсенді түрде қаланың инженерлік жүйелеріне қосылып жатыр. Сонымен бірге, заманауи үйлерде бірнеше санитарлық тораптардың, монша, сауна және бассейндердің болуына байланысты су тұтыну көлемі өсті.

Суық сумен жабдықтау және кәріз қызметтері бойынша қолданыстағы тарифтермен, сондай-ақ су есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға арналған төлемдер мөлшерімен «Алматы Су» МКК-ның ресми сайтында (almatysu.kz) танысуға болады. Сондай-ақ сайтта су есептеу құралдарын орнату және тексеру бойынша лицензияланған ұйымдардың тізімі жазылған.

Осыған байланысты, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау қағидаларына сәйкес, ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтау және газбен жабдықтауға арналған жеке есептеу құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеру шығындарын өтеу қарастырылған. Бұл көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы үш есе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар пайдалана алады. Әрбір құрылғы үшін шығындарды өтеу көлемі 3,4 (үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтар (отбасылар);

2) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;

3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлерге беріледі.

Тұтынушылар өтемақы алу үшін тіркелген мекенжайы бойынша аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгінуі қажет.

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тиесілі, суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне су есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін тариф мөлшерлері:

р/н

Атауы

Жан басына шаққада теңге/ (ҚҚС-сыз)

Жан басына шаққада теңге/ (ҚҚС-мен)

Сумен жабдықтау қызметтері

1

Көшедегі су колонкаларынан су алу

99,00

110,88

2

Тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін су тұтыну

1 980,00

2 217,60

3

Су есептеуіш құралдарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ апатты жағдайдағы, тозған көпқабатты тұрғын үйлер және ортақ пайдалану орындары бар жатақханалар

708,84

793,90

4

Суды тұрмыстық емес мақсатта пайдалану (жасыл желектерді, көгалдарды, гүлзарларды, бақшаны, тротуар ағаштарын, кеспе тастарды және т. б. суару)

1 320,00

1 478,40

Ескертпе: *Суару кезеңі 6 айды (15 сәуірден 15 қазанға дейін) қамтиды, ал суару ауданының әрбір 1 сотыққа ай сайынғы су мөлшері тексеріледі. Жасыл желектерді суару уақыты сағат 23.00-ден 05.00-ге дейін рұқсат етіледі.

 

Су бұру қызметтері

1

Суық суды бұру

614,25

687,96

2

Су есептеуіш құралдарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ апатты жағдайдағы, тозған көпқабатты тұрғын үйлер және ортақ пайдалану орындары бар жатақханалар

219,90

246,29

3

Ыстық суды бұру

128,99

144,47

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:15

18:45

18:12

17:45

17:28

17:10

17:04

16:42

16:38

16:36

16:31

16:15

16:03

15:45

15:24

15:10

15:02

14:57

14:52

14:44

14:27

14:21

14:10

13:35

13:30