AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Есентай жағалауы бойында жаңа арт-нысан п...

Алматыда Есентай жағалауы бойында жаңа арт-нысан пайда болмақ

Алматы Бүгін 14:37 28
Алматыда Есентай жағалауы бойында жаңа арт-нысан пайда болмақ
Алматы әкімдігі

Жобаның негізіне қала туралы әннің жолдары алынған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұқар жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі Есентай жағалауының бойында жаңа қалалық арт-бағыт жасалады.

Кәдімгі сұр бетон қабырғалардың орнына мұнда Алматыға арналған жағалау бойына созылған көркем композиция пайда болады.

Жобаның негізіне қала туралы әннің жолдары алынған. Олар серуен бағытының бойына кезең-кезеңімен орналастырылады. Шығарма жағалау бойымен жүрген сайын біртіндеп көрініп, тұтас бір хикаяға айналады. Ал QR-код арқылы әнді тыңдап, композициядан оның мәтініндегі жолдарды тауып, арт-бағытты бойлай серуендеуге болады.

Стрит-арт нысаны қозғалыс үстінде тамашалауға арналған. Яғни, жағалау бойымен жүрген сайын композицияның жаңа бөлігі ашылып, көркем хикая жалғаса береді.

Бетон беттерін безендіру үшін сыртқы жұмыстарға арналған кәсіби қасбет бояуы және Arton арнайы граффити бояуы пайдаланылады. Материалдарды таңдауда олардың ауа райына төзімділігі, түсін ұзақ сақтауы және жабынның беріктігі ескерілді.

Жоба жағалауды көркейту жұмыстары сияқты демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Alma Qala Fest аясында екі күн қатарынан алма жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 14:25

Президент Корея Республикасының Премьер-министрімен кездесті

Бүгін 14:17

ҚазҰУ ректоры жаңа оқу жылында «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті  

Бүгін 13:40

Жаңа Конституцияда азаматтарды цифрлық ортада қорғауға кепілдік берілген - Олжас Бектенов

Бүгін 13:17

Олжас Бектенов токенизациялау тетігін кеңінен пайдалануды тапсырды

Бүгін 13:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);