Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда ертегілер саябағы ашылады

Алматыда ертегілер саябағы ашылады

Мәдениет 14.12.2023, 05:15 1,231
Алматыда ертегілер саябағы ашылады
Сурет: интернеттен

Саябақ Халиуллин көшесі, 45А мекенжайында орналасқан.


16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының ертегілері саябағының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақ, орыс, неміс, грек, өзбек, шешен, корей, украин, ұйғыр, еврей ертегілері мен аңыздарына негізделіп салынған саябақ көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін бейнелейді.


Нысанның ашылу бағдарламасында балалар мен ересектерге арналған қызықты квесттер, түрлі ойын-сауықтар қарастырылған. Еріктілер балаларға Қазақстан халықтарының ертегілерін айтып береді, ал этномәдени бірлестіктер шығармашылық нөмірлерін көпшілік назарына ұсынады. Одан бөлек, мерекелік жәрмеңке өтеді, онда әркім жаңа жылдық сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып ала алады.



Ертегілер саябағының жалпы ауданы 3000 шаршы метрді құрайды. Мұнда нағыз мәдениет және демалыс бағы бар. Қылқанды және жапырақты ағаштар оазисі, гүлденген бұталар, раушан көшеттері, гүлзарлар және "алтын балықтары" бар тоғанда субұрқақ орналасқан.



Демалыс орнында шырша, қарағай, туя, майқарағай, жөке ағашы, бөртегүл, сондай-ақ мұнда 150 жылдан астам уақыт бұрын отырғызылған емендер бар. Бұталардан: гортензия, көпіршік бұтасы, форзиция, көріктал, тобылғы, арша, қырыққұлақ. Ағаштардың саясында жаяу жүргіншілер жолдары мен орындықтар орнатылған.



Саябақта Қазақстан аумағында тұратын халықтардың ертегілері мен аңыздары кейіпкерлерінің мүсіндік фигуралары орнатылған. Атап айтқанда, "Алдар Көсе", "Күнекей қыз", "Қожанасыр", "Чин Тимур", "Маша мен аю", "Хасан мен Ахмед", "Персей", "Қоян мен тасбақа", "Алтын балық", "Пацюк", "Гензель и Гретель" және "Тевье сүт сатушы". Жалпы, қоладан құйылған он үш авторлық мүсін қойылған.



Олардың ішінде "Санта Клаус тағы" деп аталатын ерекше мүсіндік композиция бар. Мұнда Сантамен естелік фотоға түсуге болады.


Саябақ мүсіндерінің авторы әйгілі қазақстандық мүсінші, станокты, монументалды, мемориалдық және саябақ мүсінінің ең танымал шеберлерінің бірі – Павел Иванович Шорохов.


Демалыс орнында ана мен балаға арналған жайлы және жабдықталған бөлмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ саябақта ыстық шаймен немесе кофемен жылынып, осында жаңа пісірілген нан өнімдерінен дәм татуға болады.



Ертегілер саябағының жұмыс кестесі – күн сайын сағат 8.00-ден 19.00–ге дейін. Сенбі, жексенбі және мереке күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін балаларға арналған бағдарламалар өткізіледі. Кіру тегін.



Саябақ Алматының ең көне православие ғибадатханасы, мәдениет және сәулет ескерткіші – Қазан соборына іргелес аумақта орналасқан. Көп жылдар бойы бұл қоқыс шашылған бос жер еді. Енді бұл оңтүстік астана тұрғындары мен қала қонақтары үшін безендірілген демалыс орны болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ертегі #саябақ #Қазақстан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика