Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ерекше қажеттілігі бар 2 мыңнан астам аза...

Алматыда ерекше қажеттілігі бар 2 мыңнан астам азамат жыл соңына дейін жұмыспен қамтылады

Әлеумет 13.03.2024, 05:58 788
Алматыда ерекше қажеттілігі бар 2 мыңнан астам азамат жыл соңына дейін жұмыспен қамтылады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда ерекше қажеттілігі бар тұрғындар қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы шеңберінде біліктілігін арттырып, еңбек ұтқырлығы орталығы арқылы оқудан өтуге мүмкіндік алады.


Сондай-ақ оларға «Ten Qogam» орталықтары арқылы кәсіптік терапия мен кәсіби дағдыларды дамыту бойынша қызметтер қолжетімді болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Алматы қаласының Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысында хабарлады.


«2023 жылы Еңбек ұтқырлығы орталығына ерекше қажеттілігі бар 2860 азамат жүгініп, 1965 адам жұмыспен қамтылды. Бұл ретте 244 адам тұрақты жұмыс орындарына, 502 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 661 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілді», — деп атап өтті Әсем Нүсіпова.


Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері Еңбек ұтқырлығы орталығына ерекше қажеттілігі бар 993 азамат жүгінген. 533 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылса, ал 2024 жылдың соңына дейін жұмыспен қамту шараларымен кемінде 2,2 мың адамды қамту жоспарда бар.


«Біздің басты міндетіміз – азаматтардың өзін-өзі тануы, еңбегі үшін материалдық сыйақы алуы үшін ынталандырулар жасау және, тиісінше, олардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл жалақының кемінде 70%-ы субсидиялау арқылы, сондай-ақ жұмыс берушілердің арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған жабдықтарды сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын өтеу арқылы жүзеге асырылады», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.


Айта кетейік, Еңбек ұтқырлығы орталығы арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған жабдықтарды сатып алу және орнату шығындарын өтеуді жүзеге асырады. Бұл жұмыс берушілерге ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа жалдауға көбірек мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ерекше қажеттілігі бар #қызметтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Кеше 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Кеше 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Кеше 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Кеше 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Кеше 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі