Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін 8 ерте араласу қызметі пайда болады

Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін 8 ерте араласу қызметі пайда болады Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Алматының Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңесінің I-ші отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ерте жастағы балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету және қолдау мақсатында шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 8 ауданында мектепке дейінгі ұйымдар базасында ерте араласу қызметтерін ашу жоспарлануда. Бұл қызметтің құрамына 56 маман кіреді: трансдисциплинарлық маман, даму педиатры, психолог, арнайы педагог, сенсорлық интеграция жөніндегі маман, логопед, кәсіби терапевт», — деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.



Ерте араласу орталығы ведомствоаралық өзара іс-қимыл органына айналады. Сол арқылы тиісті қызметтердің қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру жоспарланады. Оның негізгі міндеті — тәуекел тобындағы және мүгедектігі бар балалардың бірыңғай дерекқорын құру, сондай-ақ қажетті қызметтерді алудың қадамдық процесін жолға қоюға септігін тигізеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:55

15:35

14:39

14:04

12:22

11:48

11:01

10:11

09:47

09:02

17:58

17:48

17:41

17:30

17:14

17:04

16:44

16:31

16:07

15:49

15:38

15:27

15:10

14:57

14:40