Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ерекше балалардың қатысуымен ұлттық инклю...

Алматыда ерекше балалардың қатысуымен ұлттық инклюзивті ойындар өтеді

Әлеумет 23.09.2022, 13:00 2,047
Алматыда ерекше балалардың қатысуымен ұлттық инклюзивті ойындар өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыда 310 ерекше баланың қатысуымен ұлттық инклюзивті ойындар өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында және Алматы қаласының орталық стадионында 2022 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында спорттың 6 түрі бойынша өтеді: «шағын футбол», «үстел теннисі», «жеңіл атлетика», «голбол», «бочча», «бес тас» және «асық ату» ұлттық ойындары. Қатысушылар саны 310 бала.


«Жұлдызай» ойындары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «ҚР 2022 жылғы спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына» енді. Ойын жеңімпаздары халықаралық жарыстарға қатысып, спорттық разрядтар ала алады.


Биылдан бастап «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарына айналған «Жұлдызай» спартакиадасы еліміздегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысатын жалғыз кәсіби спорттық жарыстар болып табылады.


«Жұлдызай» корпоративтік қоры көп жылдар бойы ерекше балалардың өмірін жақсартуға, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық, спорттық, медициналық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді.


Салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға интеграциялау, инклюзивті спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымды құру және нығайту біздің жастар үшін инклюзивті ойындарды өткізудің негізгі мақсаттары болып табылады.


«Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарының бас серіктестері болып BI Group Құрылыс холдингі мен "Самұрық-Қазына" қоры табылады. Инклюзивті ойындарды өткізуге ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының спорт басқармасы, "Sport qory" қоры, өңірлердің әкімдіктері мен спорт түрлері бойынша федерациялар қолдау көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шенген визасын оңай ала алады

Бүгін 15:56

Алматыда халықаралық шеберлік дәрісі аясында 14 ота жасалды

Бүгін 15:02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

Бүгін 13:45

"Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, Жер астынан қарап жатам мен саған..."

Бүгін 13:07

Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында

Бүгін 12:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика