AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда емханалар арқылы көрсетілетін стоматологи...

Алматыда емханалар арқылы көрсетілетін стоматологиялық көмекті қалай пайдалануға болады?

Медицина 03.11.2022, 09:35 1,803
Алматыда емханалар арқылы көрсетілетін стоматологиялық көмекті қалай пайдалануға болады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге ғана көрсетіледі.


Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет бөлімі жетекшісі Ләйла Иманғалиева стоматологиялық көмекті пайдалану жолдарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Амбулатория деңгейіндегі жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы қаржыландырылады және азаматтардың жекелеген санаттары үшін тегін көрсетіледі.


Ләйла Иманғалиеваның айтуынша, жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге ғана көрсетіледі.



«Олар тісті жансыздандыру, химиялық пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен перидонтитті емдеу, флюороз, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, тісті хирургиялық жолмен жұлу т.б. қызметтерді тегін пайдалана алады. Тіс дәрігерінің қызметіне жүгіну үшін стоматологиялық клиникаға хабарласып, қабылдауға жазылған дұрыс», - дейді сарапшы.



Ал, шұғыл стоматологиялық көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттарына ғана көрсетіледі. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері, барлық топ мүгедектері, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар, зейнеткерлер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар сырқаттармен ауыратын науқастар, балалық шақтан І топ мүгедегін күтушілер бар.



Стоматологиялық көмекті емхана арқылы ғана емес, медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін жеке меншік тіс клиникалары арқылы да пайдалануға болады. Олардың толық тізімі: https://fms.kz/upload/iblock/a96/a96c885150d8167c0812d1292f7f28ab.xlsx  


Естеріңізге сала кетсек, стоматологиялық көмекке қатысты барлық сұрақтарды медицина ұйымы жанындағы Пациенттерді қолдау қызметіне жолдауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#стоматология #денсаулық #профилактика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);