AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда электр қуатының тарифы көтеріледі

Алматыда электр қуатының тарифы көтеріледі

Әлеумет 29.07.2022, 08:19 1,426
Алматыда электр қуатының тарифы көтеріледі
Сурет: Timeskz.kz

Орта есеппен 300 теңгеге артады


Алматыда электр қуатының тарифы көтеріледі. Бұл Қазақстанда электр энергиясына тарифтерді саралауды жою бойынша өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика өнеркәсібі департаменті директорының міндетін атқарушы Қуат Асамбековтың сөзінше, пилоттық жоба аясында Алматы тұрғындарына электр энергиясы үшін түбіртектердегі ай сайынғы төлем құны тұтынылатын энергия көлеміне байланысты орта есеппен 300 теңгеге артады.



«Халықтың әлеуметтік мұқтаж топтары үшін тариф өзгермейді, айырманы оларға атаулы тұрғын үй көмегі есебінен мемлекет субсидиялайтын болады. Қазақстанның қалған өңірлерінде электр энергиясына тарифтерді саралауды жою 2023 жылдан басталады»,- деді ол.



Спикер тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифтер заңды және бюджеттік тұтынушылар үшін жасанды өсімге байланысты төмендеу бағытында сараланғанын түсіндірді.



«Тұтынушылар арасындағы тарифтердің саралануын төмендету шамамен 10%-ды құрайды. Яғни, тұрмыстық тұтынушылар санатына 10 пайызға өсім болады. Бірақ бұл жерде мәселе қымбаттатуда емес. Орташа тариф мөлшерлемесі өспейді. Мұнда мәселе айырмашылықты азайту туралы болып отыр. Сайып келгенде, барлығы бірдей тариф төлеуі керек», - деді Қуат Асамбеков.



Ол жобаның бірінші кезең аясында жеке және заңды тұлғалардың тарифтері арасындағы айырмашылық шамамен 30 пайызға төмендейтінін атап өтті.


Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін саралауды жою бойынша әзірленген пилоттық жобаның артықшылығы туралы айтқан болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #электр #қуат #тариф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);