AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда электр желілерін дамыту жоспары әзірленді

Алматыда электр желілерін дамыту жоспары әзірленді

Әлеумет 29.11.2024, 18:24 1,188
Алматыда электр желілерін дамыту жоспары әзірленді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі «Электр желілерін дамыту жоспары» әзірленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясында энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбай хабарлады. Құжат электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, энергия сапасын жақсартуға және қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Электр желілерін дамыту жоспары энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу бағдарламасын қамтиды, ол 2030 жылға дейінгі кезеңді, ал болашақта 2040 жылға дейінгі даму перспективасын көздейді. Құжатты әзірлеу барысында қаланың энергия жүйесінің даму болжамы жасалды, бұл алдағы онжылдықта қажетті ресурстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Алматының энергетика саласын талдау шұғыл шешімді қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер мен ерекшеліктерді анықтады. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай мегаполистің тұтыну қуаты 468 МВт-қа (48%-ға) өсіп, 1450 МВт-ты құрайды деп күтілуде.

Аталған деректерді ескере отырып, Жоспарда негізгі міндеттер қарастырылған: жаңа қосалқы станцияларды салу, электр желілерін қайта құру және жаңғырту, әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру, жаңа тарату пункттерін орнату және электр беру желілерін ауыстыру, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды қосу шектеулерін жою.

Осы іс-шараларды іске асыру электрмен жабдықтаудың сенімділігін айтарлықтай арттырып, тұтынушылар үшін электр энергиясының сапасын жақсартады және жаңа нысандарды қосу мүмкіндіктерін жасайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #электр желілері #дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойындағы бес жерүсті жүргіншілер өткелі жаңартылды

Бүгін 17:56

Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Бүгін 17:46

Алматыда Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:11

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 17:09

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);