Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда екі науқасқа заманауи үш камералы кардиос...

Алматыда екі науқасқа заманауи үш камералы кардиостимулятор орнатылды

Барлығы 27.11.2025, 10:40 341
Алматыда екі науқасқа заманауи үш камералы кардиостимулятор орнатылды
сурет: автордан

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында CRT-P Amvia Sky құрылғысын орнатумен жүректі физиологиялық стимуляциялау бойынша мастер-класс өтті. Ол стандартты кардиостимуляторлардан ең алдымен жүрек ырғағы өзгергіштігі барынша физиологиялық ырғаққа жақын болуымен ерекшеленеді.

Стимуляция алгоритмі физикалық әрі психоэмоционалдық жүктемеге жауап беріп, өмір сапасын жақсартуға және қолайсыздықтың болмауына ықпал етеді. Операция жергілікті анестезиямен жасалды.

Екі науқасқа жасалған операцияны аритмология қызметінің аға ординаторы Асылхан Паримбеков профессор Krzysztof Boczar, MD, PhD (Краков, Польша) қатысуымен жүргізді. Бұл – қарыншалардың жиырылу синхрондылығы бұзылған, жүрек қызметі жеткіліксіздігі, сол жақ қарыншаның жиырылу фракциясы төмендеген, AV-блокададан кейінгі, жүрекшелер абляциясын және кардиохирургиялық араласуларды өткерген науқастар. Оларға арнайы үш камералы кардиостимуляторлар (CRT-P) қажет.
Мастер-класқа қатысушылар кардиоресинхрондау терапиясы принциптерімен танысты. Оның клиникалық тәжірибеде қолданылуы, жүректің өткізгіштік жүйесі аймағына имплантация жасау көрсетілді.

«Мастер-кластар біздің мамандардың медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар болуына, жаңа емдеу әдістері мен технологияларды меңгеруіне, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік береді. Тәжірибе алмасу дәрігерлердің кәсіби қызметке қажетті білімдерін, біліктілік пен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді», – дейді институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Асылхан Бүркітбайұлының айтуынша, үш камералы CRT-P кардиостимулятор қарыншалардың синхронды жұмысын қамтамасыз етіп, жүректің насос функциясын жақсартады, қанайналым тиімділігін және науқастардың өмір сапасын арттырады. Олар жүректің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Кардиоресинхрондау терапиясы жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеудің маңызды компоненті болып қала береді, ал үш камералы құрылғыларды қолдану ұзақ мерзімді клиникалық нәтижелерді жақсартады.

«Жүректің өткізгіштік жүйесіне бағытталған CRT-P имплантациясы жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар науқастарда ұзақ мерзімді нәтижелерді жақсартуға жаңа мүмкіндік ашады», – дейді жүрек ырғағы және өткізгіштігі бұзылыстары бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт.

Операциялар сәтті өтті. Кардиостимулятормен науқастар толыққанды өмір сүре алады: жұмыс істеу, белсенді өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, саяхаттау, ұшақпен ұшу және т.б.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология #институт #ғылыми-зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары

Бүгін 17:15

Елімізде жаңа жедел нөмір іске қосылды

Бүгін 17:11

Әйелдер  мерекесінің тарихы

Бүгін 17:02

Радикалды діни ағымдардың ықпалына қалай түспеуге болады?

Бүгін 16:55

Алматы жастары дінді цифрлық кеңістікте меңгеріп жатыр

Бүгін 16:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі