Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда EDUHK және QYZPU арасындағы бірлескен кәс...

Алматыда EDUHK және QYZPU арасындағы бірлескен кәсіби даму орталығы ашылды

Білім және ғылым 03.02.2025, 19:42 812
Алматыда EDUHK және QYZPU арасындағы бірлескен кәсіби даму орталығы ашылды
Almaty-akshamy.kz

Бүгін Алматыда EdUHK және QyzPU арасындағы бірлескен Кәсіби даму орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жоба Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Гонконг білім университетімен бірлесіп құрылған Білім академиясы аясында іске асырылуда. Орталықтың ашылуы ғылыми алмасуды тереңдету және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін негіз болмақ. Жоба аясында STEAM-білім беруді, көшбасшылықты және бағалауды дамытуға ерекше назар аударылады.

Кәсіби даму орталығының ашылу салтанатында қызыл лентаны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Гүлмира Қанай және Гонконг білім беру университетінің Президенті, профессор Ли Чи Кин Джон қиды.

«Біз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз және оны үлкен мәртебе санаймыз. Біздің көзқарасымыз ортақ – мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру, Қазақстандағы білім беру сапасын жақсарту, сондай-ақ Гонконг ААР (Қытай) мен Қазақстан арасындағы іскерлік алмасуды дамыту. Гонконг университетінің көп жылдық тарихы бар және білім беру саласында рейтингі жоғары. Көшбасшылық, STEM білім беру және бағалау салаларында тәжірибеміз мол және осы бағыттарда білімімізбен бөлісуге, оқыту мүмкіндіктерін ұсынуға, сондай-ақ университеттермен бірлескен зерттеулер жүргізуге дайынбыз. Біз бұл маңызды Академияның болашақ ынтымақтастық үшін платформа ретінде қызмет ететініне сенімдіміз», – деді Гонконг білім беру университетінің президенті, профессор Ли Чи Кин Джон.

QyzPU ректоры Гүлмира Қанайдың айтуынша, EdUHK – Қазақстан білім академиясы аясында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында үш бағыт бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда.

«Елімізде үлкен маңызды жобалардың бірі іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы университет және Гонконг білім университеті бірлесіп үлкен Академия құруда. Осы Академия аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған бес оқу бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Үш университет әзірлейтін бұл бағдарламалар халықаралық деңгейде сертификатталып, мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі. Abai University жасанды интеллект және инклюзивті білім беру бойынша негізгі бағдарламаларды әзірлейді. QyzPU көшбасшылық, STEAM-білім беру және бағалау мәселелеріне жауапты болады. Қазіргі уақытта елімізде 800-ден астам «Комфортты мектептер» салынуда. Осы мектептерге мамандар даярлау мен көшбасшылық бойынша курстар өткізу өте маңызды. Көшбасшылық бағыты бойынша қазіргі және болашақ мектеп басшыларының дағдылары мен білімін дамытуға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар STEM-білім беруді дамыту, әсіресе қыз балаларды осы бағыттар бойынша оқыту – әлемдік тұрақты даму мен гендерлік теңдік мақсаттарының бірі. Осыған байланысты біз мұғалімдерге арналған STEM бағытындағы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды және университетіміздің студенттері мен мектеп мұғалімдеріне арналған оқу бағдарламаларын жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Үшінші бағыт – білімді бағалау жүйесін жетілдіру, бағалау түрлерін сыныптық, ұлттық және халықаралық деңгейде дамыту. Үш университет арасындағы бұл ауқымды бастама болашақта оң өзгерістерге алып келетініне сенімдіміз. Біз бұл бағдарламаларды мектеп мұғалімдеріне осы жылдың күзіне қарай ұсынуды жоспарлап отырмыз», – деді QyzPU ректоры Гүлмира Қанай.

Іс-шараға Қазақстан мен Гонконг университеттерінің өкілдері, оқытушылары және студенттері қатысты. Кәсіби даму орталығының ашылуында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Жұмакұлов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол министр Саясат Нұрбек бір жыл бұрын айтқан бастама жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Педагогикалық университеттер ретінде біздің миссиямыз – мектеп білімін жақсарту. Мектеп жүйесін алдыңғы қатарлы біліммен қамтамасыз ету үшін бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу және үнемі жаңа білімнің шыңында болу керек. Осы себепті ғалымдар таңдалған бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізетін болады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі ұлттық деңгейде әсер ететін болады, өйткені бірлескен академия Қазақстанның өңірлік жоғары оқу орындарының альянсын да қамтиды, оған педагогика бойынша білім беру бағдарламалары бар 6 жоғары оқу орны кіреді», – деді ол.

EdUHK және QyzPU арасындағы бірлескен кәсіби даму орталығының салтанатты ашылу білім беру жүйесін трансформациялауда, әлемдік озық тәжірибелерді енгізуде және халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болып табылады. Академиялық алмасу мен инновацияларды енгізуге бағытталған бұл бағдарлама жастарды қазіргі заманның талаптарына сай мамандар ретінде даярлауға үлес қосады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гонконг #Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56

13 жастағы қазақстандық шахматшы сенсация жасады

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика