Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда демалыс күндері қайда тегін баруға болады...

Алматыда демалыс күндері қайда тегін баруға болады?

Барлығы 08.02.2025, 11:39 1,263
Алматыда демалыс күндері қайда тегін баруға болады?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алып шаһардың жұмыс күні қыз-қыз қайнап жатса, демалысы да қызықты өтеді.

Аqshamnews.kz сайты оқырмандарға демалыста тегін кіруге болатын шаралар тізімін ұсынады.

"Орманның екінші беті” көрмесі Жас болса да, әлемге танылып үлгерген суретші Лу Лин заманауи қытай кескіндемесінің авторлық үлгісін ұсынады. Оның жұмыстары қытай менталитеті мен әлемдік мәдениеттің синтезіне негізделген. Суретшінің туындылары әлемнің көптеген белгілі галереяларына қойылған. Ал бұл көрме Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44 Күні: 8 және 9 ақпан, 11:00 – 19:00

“Таңбалар” көрмесі. Бұл — Алина Авдонинаның өнерден де биік тұратын бірегей жобасы. Мұнда ол әр адамға үндеу жолдап, ішкі жанайқайы арқылы көмек сұрайды. Суретші Қазақстандағы тоғандар мен саябақтарда жиналған пластиктен және басқа да қалдықтардан картиналар жасайды. Әрбір картина тек сұлулық емес, сонымен қатар терең мағына, табиғатымызды қорғаудың маңыздылығын еске салады. Орналасқан жері: Ular Gallery, Панфилов, 92 Күні: 8 ақпан, 12:00 – 18:00

Коньки тебу Баршаңызды Алматыдағы ең үлкен мұз айдынында коньки тебуге шақырамыз! Өз конькиіңізбен келетін болсаңыз, сырғанау тегін. Сондай-ақ жақын жерде конькиді жалға беру (бағасы — 1500 теңге) қызметі де бар. Өтетін орындары: Наурызбай ауданы әкімдігі алдындағы алаң (мкр. “Шұғыла”, 347) және Алматы Арена (мкр. “Нұркент, 7) Күні: 8 және 9 ақпан, 10:00-22:00

"Әлемнің бір негізі” көрмесі Катерина Никонорованың туындылары көрерменді уақыт кеңістігіне саяхатқа жетелеп, табиғат пен өркениет арасындағы байланыс туралы терең ойға батырады. Қазақстандық суретші Катипа апай есімімен де танымал. Оның шығармашылығы ежелгі тәңіршілдікке тамыр тартып, рухани өткен мен бүгінгі өмірді астастырады. Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат) Күні: 8 және 9 ақпан, 10:00 – 20:00

Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді. Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3 Күні: 8 және 9 ақпан, 12:00 – 18:00

"Мұзды аспан" көрмесі  Суретші Эльвира Григорьян өз жұмысында екі бейнелеу тілін – керамика мен фотосуретті біріктіреді. Өнердің бұл тәсілдері аспанды түсінуге арналған құралға айналады — ол жақын әрі алыс, дерексіз және нақты, өзгермелі әрі мәңгілік болып келеді. Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51 Күні: 8 және 9 ақпан, 10:00 – 19:00

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #демалыс #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика