Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда демалыс күндері өткен жәрмеңкелерге бір м...

Алматыда демалыс күндері өткен жәрмеңкелерге бір миллионға жуық адам келді

Барлығы 13.02.2026, 11:21 204
Алматыда демалыс күндері өткен жәрмеңкелерге бір миллионға жуық адам келді
Алматы әкімдігі
2025 жылы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Алматы» («Алматы» ӘКК) қала аумағында демалыс күндері 430 жәрмеңке ұйымдастырды.
 
Жыл бойы мегаполистің алты ауданында орналасқан сауда алаңдарына бір миллионнан астам алматылық пен қала қонақтары келді.
 
Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Талғар және Жамбыл аудандарынан келген 315-тен астам фермер мен тауар өндіруші жәрмеңке сөрелерінде 1 000-нан астам атаудағы азық-түлік өнімдерін ұсынды. 
 
Ассортиментке көкөністер мен жеміс-жидек, ет, тауық еті, балық, сүт және шұжық өнімдері, жұмыртқа, бакалея тауарлары, бал, өсімдік майлары және басқа да азық-түлік түрлері кірді.
 
Делдалдардың болмауы жәрмеңке қатысушыларына өткен жылы 25 мың тонна өнімді нарықтағы орташа бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатуға мүмкіндік берді.
 
Қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК қаладағы төрт ауданда демалыс күндері жәрмеңкелер ұйымдастырып келеді. Олар әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді:
• Алмалы ауданы – Масанчи және Гоголь көшелерінің қиылысы;
• Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағынауданы;
• Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы;
• Медеу ауданы – Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы.
 
Жетісу ауданындағы жәрмеңкені Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ұйымдастырады. Ол Құлагер шағынауданындағы «Гүлдер» саябағы алдында, осы уақыт аралығында өткізіледі.
 
Биыл жәрмеңкелерді тұрақты түрде қаланың барлық ауданын, оның ішінде Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандарын қамту жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрғындар үшін қолжетімді бағамен және аумақтық тұрғыда тең дәрежеде ұсынылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика