Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда De Montfort University Kazakhstan халықар...

Алматыда De Montfort University Kazakhstan халықаралық университеті ашылды

Білім және ғылым 21.10.2021, 06:04 1,798
Алматыда De Montfort University Kazakhstan халықаралық университеті ашылды
almaty-akshamy.kz

ЖОО ректоры Дж. Паундер Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа университет базасын тез арада құруға ықпал еткені әрі жеке қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев De Montfort University Kazakhstan университетінің ректоры Джеймс Паундермен кездесті. Тараптар жұмыстың перспективалық жоспарларын талқылады. Мәселен, оқу бағдарламасына АТ, креативті индустрия бойынша мамандықтар енгізіледі. Бұл бағыттарға Алматының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында ерекше көңіл бөлінген.


Бұл - Қазақстанда оқытуға лицензия алған және үздік білім беру стандартын енгізу үшін құрылған алғашқы шетелдік университет. Түлектерге DMU Лестер Университеті (Ұлыбритания) дәрежесі беріледі.



«Біздің жастарымыз Алматыдан кетпей-ақ беделді жоғары оқу орнында жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады. Қызығушылық білдіргендер аз емес. Бірінші курсқа 700 талапкер үміткер болды. Бакалавриатқа 145 студент түсті. Келесі жылдан бастап магистратура ашылады», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.


«Халықаралық жоғары оқу орнының Алматыда ашылуы мегаполисті әлемдік білім беру қалаларының қатарына қосады. Әлемге әйгілі университеттің құрылуы алты ай бұрын басталып, міне аяқталды. Бір кездері арман болған идея жүзеге асырылды», - деп хабарлады қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.



De Montfort University Kazakhstan-да оқыту дәрістер, бейресми семинарлар, практикалық сабақтар, мастер-кластар, пікірталастар және онлайн оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сабақтарды халықаралық деңгейдегі жоғары білікті оқытушылар өткізеді. Оқытуда болашақ менеджерлер мен кәсіпкерлердің практикалық дағдыларын тереңдетіп дамытуға ықпал ететін нақты бизнес-кейстер мен оқу тәсілдері қолданылады.



Университет бағдарламаларының негізгі модульдері: «Бизнесті қаржыландыру принциптері», «Кәсіпорынды дамыту», «Кәсіби табысқа жету үшін өзіңді тану және дамыту», «Түрлі мәдениеттердегі бизнес», «Стратегиялық менеджмент», «Ұйымдастырушылық контекстегі көшбасшылық және мәдениет», «Жобаларды басқару», «Халықаралық маркетинг».



Жалпы, университет Алматыда 20 млн доллар инвестициямен әлемдік деңгейдегі жеке кампустың құрылысын бастауға ниет білдіруде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика