Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма басшысы Зульфия Байсақова ұйымның 2025 жылдың басынан бергі жұмысының қорытындысын ұсынды. Брифинг 25 қарашада атап өтетін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күнге орай ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Республикалық акция аясында қоғамның білімін арттырып, түйіткілді талқылап, оны шешу жолын іздеуге бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұған дейін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген 110 маман қатысқан Орталық Азия халықаралық конференциясы өткен. Сарапшылар өзекті мәселелерді талқылап, зорлық көргендерді қолдап, оның алдын алуға байланысты тәжірибе алмасты.
Сталкинг мәселесіне арналған сарапшылар қатысатын кеңейтілген сұқбат алаңы мен дағдарыс орталығында дөңгелек үстел өткізу де жоспарда тұр.
Зульфия Байсақованың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі биыл бірқалыпты болып қалып отыр.
«Әйелдер жағы қайдан көмек сұрауға болатыны туралы ақпаратты көбірек алып, қолдағы бар құралдарды жиі пайдалана бастады», - деп атап өтті ол.
Сарапшының айтуынша, дағдарыс орталықтары өз қызметін кеңейтіп, паналатудың орнына көмектің басқа да балама түрі мен әлеуметтік демеу көрсетуді дамытып жатыр. Бұл әсіресе ауылдық жердегі әйелдерге керек, өйткені олар үйі мен шаруасына алаңдағанды қойып, балаларына да қарайлап, сонымен бірге мамандардың қажетті қолдауын да алып отырады.
«Жан-Сая» дағдарыс орталығының заңгері Гүлшара Сапарованың айтуынеша, психологтар зардап шеккендердің көңілін орнына түсіруге көмектесіп, заңгерлер құжаттарын қалпына келтіріп, төлемдерін рәсімдеп, құқықтарды түсіндіруге қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта Алматыдағы дағдарыс орталықтары мынындай қызметтер көрсеткен:
• баспана қызметін 445 адам алды (150 әйел, 295 бала)
• психологтың кеңесін – 1001 адам (722 әйел, 279 бала)
• заңгер кеңесін – 223 адам 811 сұрақ бойынша
• жұмыспен қамтылғандар – 53 адам
• отбасымен қайта қосылғандар – 67 отбасы
• бастапқы кәсіби дағдылар курсынан өткендер – 6 адам
• жалдамалы тұрғын үйге шыққандар – 42
• жәрдемақы ресімделген – 5
• құжаттары қалпына келтірілген – 7
• тұрғылықты жері бойынша тіркелген – 1
• басқа орталықтарға бағытталғандар – 13
2017 жылы дағдарыс орталығы құрылғалы бері оның қызметін 11 615 адам пайдаланған. Оның ішінде баспана қызметін – 3346 адам,
• психолог көмегін – 5558 адам
• заңгер көмегін – 1823 адам
• жұмыспен қамтуға жәрдемдесу – 652 адам
• отбасымен қайта қосылғандар – 416 отбасы
• бастапқы кәсіби дағдылар курсынан өткендер – 467 адам
• жалдамалы тұрғын үйде өз бетінше тұрып жатқан отбасы – 606
Дағдарыс орталығының сайтына 818 адам кеңес алу үшін жүгінген.
Сарапшылардың айтуынша, заңнамадағы өзгерістер қоғамдық жауапкершілікті арттырып, Алматы мен басқа өңірлердің тұрғындары тұрмыстық зорлық-зомбылық көргені туралы жиі хабарлай бастаған.
Зульфия Байсақова заңнаманы жетілдіруді жалғастырып, әлеуметтік қызметтердің мүмкіндігін кеңейту қиын жағдайға тап болған әйелдерді бұдан да тиімдірек қолдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.