Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда борышкерлердің пәтеріндегі ыстық суы өшір...

Алматыда борышкерлердің пәтеріндегі ыстық суы өшіріледі

Әлеумет 20.06.2024, 10:27 555
Алматыда борышкерлердің пәтеріндегі ыстық суы өшіріледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

 

Алматының коммуналдық қызметі жылудың ақшасын төлемеген тұрғындардан сот арқылы қарызын өндіріп, толық өтелгенше пәтеріндегі ыстық суын өшірмек. Қазірдің өзінде ыстық су мен жылудың қарызы шамамен 2,1 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не сілтеме жасап.

Енді күн сайын «Алматы жылу жүйесіне» қарыз бірнеше ондаған борышкер ыстық судан қағылады. Айта кететін нәрсе, екі және одан да көп ай бойы төленбесе, тұтынушы борышкер санатына еніп, қарызды өтеу туралы хабарлама алады. Егер борышкер сонда да қарызын жаппаса, шара қолданылып, пәтеріндегі не үйіндегі ыстық суы өшіріледі.

Борышкерлерге ыстық су беруді тоқтату – бұл амалсыз қолданылған шара. Кәсіпорын мұндай шараға баруға мәжбүр, өйткені тұтынушылардың жылудың ақысын төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындалуға, қыстан қысылмай шығуға кері әсерін тигізеді.

Биыл жыл басынан бері Алматыда жылудың ақшасын төлемеген 1610 абоненттің үйіндегі ыстық суы өшірілген. Бүгінге дейін компанияға жылу мен ыстық су үшін төлемеген 1212 тұтынушының активі, 355 банктік есепшот бұғатталды, төлемді уақытында төлемеген 165 азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды.

Сотқа шағым түсіру арқылы пайдаланылған жылу үшін берешекті өндіріп алуда борышкердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, көлік құралын, банктік шотын бұғаттау, республикадан тыс жерге шығуына шектеулер енгізу, қызметтің барлық түрі бойынша лицензиялардың қолданылуын және мемлекеттік органдардан құжат рәсімдеуді тоқтата тұру көзделгенін естеріңізге саламыз.  

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, коммуналдық қызмет бойынша қарыздың болуы (борышкерлер туралы ақпарат «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ сұрауы бойынша беріледі) несие беру кезінде де ескеріледі.

Мұндай шаралар қарызды әдейі төлемеушілерге қатысты ғана қолданылады - ыстық суды өшіруден бастап сот арқылы өндіріп алу шарасын қолданып, компания өкілдері оларға міндетті түрде жинақталған қарызы туралы хабарлап отырады және басқа да бірқатар алдын алу шарасын жүргізіп келеді.

Жылу жүйесінің қызметкерлері қарызды өндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырғанын  хабарлады. Сондықтан «АлЖЖ» ЖШС азаматтарды қарызын тез арада өтеуге және коммуналдық қызмет үшін төлемді уақытылы төлеуге жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы жылу жүйесіне #ыстық су #қарыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі