Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда «Борышкер» шарасы өтіп жатыр

Алматыда «Борышкер» шарасы өтіп жатыр

Өмір-өзен 21.12.2022, 07:14 1,512
Алматыда «Борышкер» шарасы өтіп жатыр
Сурет: Polisia.kz

Іс-шараға прокуратураның қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сот орындаушылары тартылған.


Алматыда «Борышкер» шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


«Құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидасын қамтамасыз ету, жасалған құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыру мақсатында Алматы полициясы «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Автокөліктер ағыны қарқынды жерлерде жол полициясының автоэкипажы жұмылдырылған. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері де кеңінен қолданылады, оның ішінде «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде есептейді.



«Іс-шара шектеу қойылған адамдар мен көлік құралдарын, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша заңмен белгіленген мерзімде орындалмаған қаулылары бар борышкерлерді ерікті түрде анықтауға бағытталған. Содан кейін тәртіп бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады. Келген жері бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ге сәйкес тәркілеу хаттамасы жасалады. Ұсталған көлік құралын айыппұл тұрағынан шығару айыппұлдарды толық өтеген кезде ғана жүзеге асырылады», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.



Алматы полициясы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін төленбеген айыппұлдары бар азаматтарға үндеу жолдап, заңды міндеттерін орындамаған жағдайда материалдар өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберілетінін ескертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#борыш #Айыппұл #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 10 мыңнан астам жас референдумды қолдады

Бүгін 16:05

Динара Зәкиева Ирандағы мектепке жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін 15:31

Қазақстанда қызылша жұқтыру көрсеткіші едәуір азайған

Бүгін 14:54

Ирандағы жағдайға байланысты елшілік отандастарға үндеу жасады

Бүгін 14:19

ҚазҰУ ғалымдары Конституция жобасына арналған оқу құралын ұсынды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі