AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда болашақтың спорты қалыптасады

Алматыда болашақтың спорты қалыптасады

Барлығы 15.01.2026, 14:21 454 Дина
Алматыда болашақтың спорты қалыптасады
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистер алдында сөз сөйлеп, қаладағы спорттық инфрақұрылымның қазіргі жағдайы, инвестициялық жобалардың жүзеге асуы мен бұқаралық әрі кәсіби спортқа арналған нысандарды дамытуды көздейтін жоспарлары туралы баяндады.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 3 638 спорт нысаны жұмыс істейді, спорттық инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 54,6%-ды құрайды.

«Спорт залдары 78,3% қамтылса да, әлі де 39,5 мың шаршы метрдей алаң тапшы болып отыр, жүзу бассейндері бойынша көрсеткіш 31% және ондағы тапшылық 39,2 мың шаршы метрдей болады», – деді Дархан Нұрханұлы.

«Бұл дерек бізде әлі де дамитындай мүмкіндік бар екенін көрсетеді, қазір біз осы олқылықты жою үшін тынбай жұмыс істеп жатырмыз».

Жеке инвестициялар есебінен спорт нысандарын салу мен жаңғыртуға да көп көңіл бөлініп отыр.

Өткен жылы Алатау ауданында осындай теннис орталығы пайдалануға берілді. Бұл нысан 2020 жылдан бері бұрынғы мердігерлердің жауапсыздығына байланысты аяқталмай тұрған болатын.

«Инвесторлардың қолдауының арқасында құрылыс толық бітіп, қазір орталық спортшыларды қабылдап, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық дайын тұр», – деп атап өтті Спорт басқармасының басшысы.

Сонымен қатар бассейні бар, жалпы аумағы 7 400 шаршы метр болатын, тәулігіне 600-ден астам адамды қабылдай алатын «Жас Қанат» дене шынықтыру-сауықтыру кешені де ашылды.

«Жаңа ФОК бұқаралық спортты дамытып, кәсіби спортшыларды даярлау мүмкіндігін едәуір кеңейтті», – деді Дархан Нұрханұлы.

Демеушілердің қаражатына жоғары спорт шеберлігіне мамандандырылған мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған іргелес аумақта дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталу сатысында тұр.

Сондай-ақ №9 спорт мектебінде ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығын күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмысы басталды.

«Бұл спортшыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жаттығу үшін жағдай жасау жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті Нұрханұлы.

Сөз соңында Спорт басқармасының басшысы спорттық инфрақұрылымды дамыту қала саясатының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін айтты. Алдағы жылдары жаңа нысандар салып, қолданыстағыларын жаңғыртып, инвестиция тарту жұмыстары жалғасып, қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді спорт нысандарымен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

«Мақсатымыз – жасына, дайындығына қарамай, әр алматылықтың сапалы спорт нысанына қолы жетуін қамтамасыз ету», – деп түйіндеді басшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #болашақ спорт #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төтеншеліктер алматылықтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті

Бүгін 09:17

Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылып жатыр

Бүгін 09:16

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды Open-Air концерт өтеді

Бүгін 09:12

Еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болатыны болжанды

Бүгін 08:32

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Кеше 19:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);